Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
659 материал табылды

Руханият • 06 Наурыз, 2023

Тұлға және тағылым

Биыл Бұқар жырау Қалқаман­ұлының 355 жылдық тойы қазақ жерінде дүркіреп өтпек. Халық тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау жылдарда уәжді сөзімен, ерлікті дәріптеген отты жырларымен елді ұйытып, халқымызды топтасуға, атамекенімізді жат­жерлік басқыншылардан қорғауға үндеген тарихи тұлғаны ұлықтау ісі Керекуде басталып кетті.

Футбол • 02 Наурыз, 2023

Жаңарған «Ақсу»

Павлодардың «Ақсу» футбол клубы Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына қатысатын өз құрамын жариялады. Биыл командадағы ойыншылар құрамы 60 пайызға жаңарған.

Мектеп • 01 Наурыз, 2023

Жеті мектеп салынады

Урбанизация үдерісінің өсе түсуі Павло­дарда мектеп тапшылығын тудырып отыр. Әсіресе облыс орталығында бұл түйткіл айқын сезіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 2025 жылға дейін жеті мектеп салу көзделген.

Құрылыс • 28 Ақпан, 2023

Битум тапшылығы жалғаса ма?

Қазақстанда жол құрылысы саласына қажет битум тапшылығы алдағы жазда да жалғасуы мүмкін. Себебі отандық мұнай-химия зауыттары жол салушылардың сұранысын 60-70 пайызға қанағаттандыруға ғана қауқарлы. Жыл сайын бағасы аспандайтын өнімнің өндірісі биыл Павлодарда құлдырайды деп күтілуде.

Өндіріс • 28 Ақпан, 2023

«Айбарыс»: май шығару – пайдалы іс

Күнбағыс майы – күнделікті тұтынатын азық-түліктердің тізімінен ажырамайтын өнім. Азықтың бұл түрі жергілікті на­рық­қа көбіне Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Айма­ғы­мыз­да жыл сайын мыңдаған тонна күнбағыс тұқымы жинал­ға­ны­мен, оны стандартқа сай өңдеу, майын сығып алу ісі мандымай тұр. Бұл кемшілік отандық кәсіпкерлер тарапынан ескерусіз қал­ма­ғанға ұқсайды.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Екібастұз халқы екіұдай күйде

Биылғы қыс Екібастұз халқының басына үлкен ауыртпалық салғаны белгілі. Қаланың әбден жаураған жұрты ақпанның соңғы күні келіп жеткенде «үф» деп терең тыныс алғандай әсер қалдырады. Алайда халықтың көңіліндегі алаң жуық уақытта басыла қоймасы анық. Әсіресе жас отбасылар келешегіне алаңдаулы.

Театр • 23 Ақпан, 2023

Ұждан

Қазаққа «ұждан» философиясын тұңғыш енгізген Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Ар, ұят, ынсап, мейірім мәселелерін философиялық логикада қарастырған ақынның «Ұждан» атты әңгімесін көзі қарақ­ты оқырман жақсы біледі. Алаш ардақтысының осы бір шығар­машылық мұрасын Керекудегі Аймауытов театрының ұжымы сах­налау дайындығына кірісіп кетті. Ресейлік және франциялық әріп­тестерімен бірлескен қойылым нау­рыз айының соңында көрерменге ұсынылмақ.

Руханият • 23 Ақпан, 2023

«Қазақ тарихынан» қалай жазылды?

Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» кітабы (1923 жыл) мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы, «Темірқазық» (1923 жыл) және «Жас қазақ» (1923-1925) журналдарының түпнұсқалары Ресеймен шекара түбіндегі ауылдарда бір ғасыр бойы сандық түбінде сақталып келген. Бұл баға жетпес жәдігерлер отарлық саясаттың соққысына қатты ұшыраған солтүстік аймақтардың халқы кезінде Алаш ұлыларының шығармаларын жата-жастана оқып, ұлт руханиятымен сусындағанын әйгілеп тұрғандай.

Қоғам • 22 Ақпан, 2023

«Дос-Мұқасанның» сапары

Аты аңызға айналған ансамбльдің құрылу тарихы Ертіс-Баян өңірімен тығыз байланысты. Өнер иелері гастрольдік сапарларында ансамбль құрметіне орнатылған мүсіндік композицияда болып, жергілікті студенттермен бірге аллея­да серуендеді.

Руханият • 21 Ақпан, 2023

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті»

Жаратушы жер бетіне жіберген әр пенденің көңіл түкпіріне адам болудың қасиеттерін шегелеп береді деседі. Ақын Абай айтпақшы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – осы үш қасиет жұмыр басты тіршілік иесінің өмір бойы ұмтылатын миссиясы болуға тиіс. Қаламсап – өмірді қалай бағыттасаң, ғұмырдың түтіні солай түзіледі емес пе. Жер бетінде адам болып туу жеткіліксіз.