Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
439 материал табылды

Аймақтар • 03 Тамыз, 2023

«Орман батыры» тілегіңді орындайды

Шалдай ормандарында небір таңғажайып дүние бар. Ежелгі мұхиттың табанында өсіп тұрған жалқарағайлардың арасына жолыңыз түссе «Орман батыры» аталатын алып қарағай ағашына барып, тілек тілеп қайтуыңызға болады.

Мәдениет • 02 Тамыз, 2023

«Күн болмағанда, кім болам?»

Ұлтымыздың жазба әдебиетінде Абайдан кейін әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көр­нек­ті ақындарымыздың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров екені мәлім. Отты жырларымен Алаш­тың алдаспанына айналып, қысқа ғұмырында соңына өлмес рухани­ қазына қалдырған ақынның 130 жылдық мерейтойы­на­ орай Баянауылдың Торайғыр ауылында дүбірлі той өтті.

Театр • 01 Тамыз, 2023

Алдымызда Мәскеу, шегінерге жол жоқ!

Қазақстандағы білікті театр сыншылары «отандық театрдағы сана төңкерісі» деп баға берген «Ұждан» қойылымы алдағы күзде Ресей астанасында өтетін «Подмосковные вечера» VII халықаралық театрлар фестиваліне шақырту алды. Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма теат­ры­ның ұжымы тамыз айынан қызу дайындыққа кірісіп кетуді жоспарлап отыр.

Аймақтар • 31 Шілде, 2023

Қуаңшылық қыспағы

Кереку өңірінің шаруалары үшін биыл мал азығын дайындау үлкен мәселеге айналып тұр. Аймақта соңғы рет 2021 жыл­ғы қуаңшылық фермерлерді біраз тұралатып кеткен еді. Жа­йылмада шөп шауып үйреніп қалғандарға алдағы қыс тіпті қиын болатындай. Себебі Ертіс өзені бойындағы шабындықтардың небәрі 20-30 пайызына ғана су жеткен.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Жауапсыздар жазалана ма?

Керекудегі білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу саласын биыл тағы берекесіздік жайлап тұр. Марғау мердігерлердің кесірінен бірнеше мектеп 1 қыркүйекте ашылмай қалуы мүмкін. Шарбақты ауданы мен Павлодар қаласында осындай келеңсіздік тіркеліп отыр.

Аймақтар • 28 Шілде, 2023

Керекуде көлік отыны тапшы

Соңғы күндері керекулік көлік иелері бензин тапшылығын сезініп отыр. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен қатар бірне­ше аудандағы жанармай құю бекеттерінде көлік отыны жетіс­пей, кейбірі талонға көшкен. Мәселен, Баянауыл ауданын­да соңғы бір аптада бензин қасқалдақтың қанындай қат болып тұр.

Мәселе • 26 Шілде, 2023

Керекудің қызыл көлі

Жер бетінде қызғылт түске боялатын көлдер көп емес. Соның бірі – Ертіс-Баян жерінде орналасқан Коряков көлі. Биыл айдынның суы тартылып қалғаны жайында аумақтағы тұрғындар дабыл қағып жатыр. Ал экологтер ежелден тұз өндірілетін көлдің келешегіне төнген қауіп жоқ дейді.

Аймақтар • 26 Шілде, 2023

Екібастұз стансасы сынақтан өтеді

Екібастұздың жылу-электр стансасындағы күрделі жөндеу жұмыстары облыс басшылығының ғана емес, үкіметтегілердің де қатаң қадағалауында тұрғаны мәлім. Орталықтағы жабдықтарды жамап-жасқау шараларына 250 адам жұмылдырылған. Бүгінде олар алғашқы кезеңге жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 40 пайыздайын еңсерді.

Аймақтар • 25 Шілде, 2023

Берекелі Жұмат ауылы

Өрісі малға, қойнауы жанға толып, берекесі артқан Күркелі елінде, Алаш ардақтысы Жұмат Шанин туған ауылда дүбірлі той өтті. Бұл күні елді мекенде жастар орталығы мен асхана, ойын алаңдары ашылып, ауылдықтар қуанышқа бөленді.

Қоғам • 25 Шілде, 2023

Технологиясы жаңарған көмір кеніштері

Өткен жылы Екібастұздағы «Богатырь» және «Северный» көмір кеніштері 42 млн тонна қара алтын өндірген. Жергілікті көмір кеніштері алдағы жылыту кезеңінде еліміздің электр стансалары мен өңірлік жылу-энергия орталықтарын қажетті отын қорымен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды деп сендіріп отыр.