Зерде • 07 Желтоқсан, 2024
Соқпақбаевтың Қонаевқа жазған хаты
Өткен жолы белгілі тарихшы, мұрағаттанушы Рашид Оразов архивтен Бердібек Соқпақбаевтың республикамыздың сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаевқа жазған өтініш хатын тапқанын сүйіншіледі. Осыдан елу жыл бұрынғы сарғайған құжатты оқып отырып, классик жазушының болмыс-бітімін басқа қырынан танығандай болдық.
Суицид • 23 Қараша, 2024
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі қоғам назарынан тыс қалмауы керек. Биылғы жылғы статистикалық деректер бойынша балалар арасындағы суицидтің орташа межесі 15-17 жасты құраған. Тіпті, 11-13 жаста өз-өзіне қол жұмсау фактілері де азаймай тұр. Бұл жайттар қоғам алдындағы «Жасөспірімдер суицидінің алдын қалай аламыз?» деген сұрақтың маңызын артыра бермек.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Ұлттық құндылықтарды қорғайтын заң керек
Әр ұлтты өзгелерден ерекшелеп тұратын өзіне тән тұтынатын бұйымы, табиғатына үйлесетін киімі һәм ғасырлардан жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтары болады. Ұлттық бұйым мен киім арқылы әр халықтың өмірлік философиясын, өнер хақындағы дүниетанымын, салт-сана мен әдет-ғұрпын тани аламыз. Қазіргі таңда жер бетіндегі қазақтың бар болмыс-бітімін көрсете алар төл бұйымдарымызды заң аясында қорғай алып отырмыз ба?
Тұлға • 13 Қараша, 2024
Әдебиет астанасы қазақ қаламгеріне Триумф қақпасын ашты
Ги де Мопассанның еліне бет алған сәтте ойыма Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хемингуэй оралды. Қазақы тілмен айтсақ, Эрағаң Париждегі Жеңіс қақпасының (Триумф) есігін айқара ашып тастап, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кейіпкерлерін тағатсыздана күтіп, «мәңгілік мереке» жасап беруге ынтығып тұрғандай көрінді.
Суицид • 08 Қараша, 2024
Өрімдей жас өз өміріне неге балта шабады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайын әлемде 720 мыңнан аса жан өз-өзіне қол жұмсайды, 15-29 жас аралығындағы азаматтардың үш қазасы тіркелсе, оның бірі суицид салдарынан болады екен. Биыл Қазақстандағы өз-өзіне қол жұмсау фактілері өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға азайған. Осы оң нәтижені сақтап қалу, балалар арасындағы суицидті бұдан да әрі азайту үшін не істемек керек?
Айбын • 29 Қазан, 2024
Әуе қалқаны: курсанттардың оқу-жаттығу базасынан репортаж
«Аға, тікұшаққа мінген қалай екен?» деді әскери жігіт жаныма жете бере әнтек жымиып. «Керемет, әсерімді сөзбен суреттеп жеткізе алмаймын» деп ақтарыла тіл қаттым. «Сіз айтқандай ылғи да керемет бола бермейді» деді кейіпкерім ауыр күрсініп. Жүзінде бағанағы жылт еткен күлкінің ізі де қалмапты. Оның орнын лезде мұң торлап алғанын сездім. Өзімнен мүшел жас кіші жігіттің ауыр күрсінгені аспанға қарай алып ұшқан көңілімді әп-сәтте жерге түсірді. «Аға, су тасқыны кезіндегі оқиғаларды көзіңізбен көрсеңіз ғой», деді үзілген әңгімесін жалғап.
Сұхбат • 25 Қазан, 2024
Жәнібек КӘРІБЖАНОВ: Республика күнінің маңызы уақыт өткен сайын арта береді
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов – 25 қазандағы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күннің куәгері. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болған, кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік жылдары да әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған тұлғаны сыр сұхбатқа шақырған едік.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
Халық ресми органдар жұмысына қанағаттана ма?
Биыл Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздегі мемлекеттік қызметтердің сапасы жөнінде сауалнама жүргізіп, халыққа қызмет көрсететін ресми мекемелердің жұмысында ілгерілеу бар екенін мәлімдеді.
Таным • 22 Қазан, 2024
Әлемді баураған дауыс немесе әнші Димаш Құдайбергеннің өміріндегі тылсым оқиғалар хақында
Қытайда «I,m а singer» байқауы өтіп жатқан кез. Осы ән додасына Құлагерін қосқан Димаш Құдайберген екінші айналымда Витастың «Опера-2» әнін шырқады. Сол күні әлеуметтік желідегі бұқараның таңдай қағысы мені еркімнен тыс Димаш атты әншімен табыстырды. Сол табысудың өзі мистикалық оқиға екенін ойласам, тұла бойым тоқ соққандай дір ете қалады.
Тағзым • 19 Қазан, 2024
Кеше Ұлттық қорғаныс университетінде «Рахымжан Қошқарбаев: Рейхстаг үстіндегі ту» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери ғалымдар мен магистранттар, әскери оқу орындарының курсанттары мен батырдың ұрпақтары қатысты.