Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 13 Мамыр, 2021

Головкин кімді күтіп жүр?

Кәсіпқой бокстағы Қазақстанның шоқжұлдызы Геннадий Головкин ең кейінгі жекпе-жегін өткізгеніне жарты жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін шаршы алаңға шығуға асығар емес. Отандасымыздың елімізден бөлек, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оның келесі айқасын тағатсыздана күтіп жүргені жасырын емес. Ал Геннадиймен бір уақытта жекпе-жек өткізген жерлесіміздің әйгілі қарсыласы мексикалық Сауль Альварес болса, осы аралықта бір емес, екі мәрте жанкүйерлерін қуантып үлгерді.

Бокс • 13 Мамыр, 2021

8 раундта – 8 миллион доллар

Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы бри­таниялық Билли Джо Сондерс мекси­калық Сауль Альвареспен сегіз раунд жұ­дырықтасқаны үшін 8 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Теннис • 13 Мамыр, 2021

Бартимен шеберлік байқасты

Италияның бас шаһары – Римде өтіп жатқан теннистен халықаралық WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында жігерлі жеңіске қол жеткізген Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова жарыстың келесі айналымына жолдама алған еді.

Бокс • 13 Мамыр, 2021

Олимпиадашылардың соңғы сынағы

Келесі аптада Біріккен Араб Әмір­лікте­рінің Дубай қаласында бокс­тан ересектер арасындағы кезекті Азия чемпионатының жалауы жел­бірейді. Сары құрлық додасында еліміз­­дің бірінші нөмірлі боксшылары жұды­рықтасатыны белгілі болды.

Хоккей • 12 Мамыр, 2021

Хоккейшілер Латвияға аттанды

Санаулы күндерден соң Балтық жағалауында орналасқан Латвия астанасы – Ригада шайбалы хоккейден кезекті әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтетін жаһандық додада дүние жүзінің ең мықты деген 16 елінің құрамалары бақ сынайды. Бәсекелер 10 226 көрерменді сыйдыра алатын «Рига Арена» және 6 мың адамға есептелген Олимпиадалық спорттық орталығында өтеді.

Теннис • 12 Мамыр, 2021

Мысыр мен Тунисте топ жарды

Қазақстандық теннисші қыздар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр мен Тунисте өт­кен ITF турнирлерінде жеңімпаз атанды.

Спорт • 12 Мамыр, 2021

Власов үздіктер қатарында

Бұл күндері Италия тасжолдарында велоспорттан дәстүрлі «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы үш кезеңінің қорытындысы бойынша Astana – Premier Tech командасының ең үздік нәтижесі Александр Власовқа тиесілі.

Бокс • 12 Мамыр, 2021

Әлем чемпионаты Белградта өтеді

Бокстан ерлер арасындағы биылғы әлем біріншілігінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды.

Күрес • 10 Мамыр, 2021

Жақсылық Үшкемпіровті еске алды

Жалпы, кез келген салада, мейлі ол өнер, білім, ғылым, спорт болсын өзі сүйіп айналысқан істе жоғары жетістікке жетіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған тау тұлғалы азаматтарымызды өмірден өткеннен кейін еске түсіруге арналған түрлі іс-шара өткізіліп тұратыны белгілі.

Кәсіпқой бокс • 10 Мамыр, 2021

Екі «сарының» айқасы

Өткен демалыс күні кәсіпқой бокс жанкүйерлері екінші орта салмақтағы WBC, WBA Super, The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) пен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) арасындағы тамаша бокс кешін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz