Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Хоккей • 30 Сәуір, 2021

«Авангард» – Гагарин кубогының жеңімпазы

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы биылғы жарыс өз мәресіне жетті. Плей-офф кезеңінің алты ойынға созылған финалдық кездесуінде 4:2 нәтижесімен Мәскеудің ЦСКА клубынан басым түскен Омбының «Авангард» ұжымы өз тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогының жеңімпазы атанды.

Оқиға • 30 Сәуір, 2021

Азия чемпионаты Дубайға ауысты

Биыл өтуі тиіс бокстан Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Енді құрлықтың былғары қолғап шеберлері 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубай шаршы алаңында чемпиондыққа таласпақ.

Футбол • 30 Сәуір, 2021

«Сити» сырт алаңда жеңді

Футболдан УЕФА Чемпиондар ли­гасының жартылай финалындағы екінші матч ойыны аяқталды. Фран­цияда өткен кездесуде «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Манчестер Сити» командасын қабылдады.

Спорт • 30 Сәуір, 2021

Келесі қарсыласы – «Барселона»

Бұл күндері Сербияның Задар қаласында футзалдан Еуропаның ең үздік сегіз командасының қаты­суымен Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Айтулы додада осы жарыста екі мәрте топ жарған Алматының «Қайрат» клубы да бақ сынауда. «Қайраттан» бөлек биылғы доп додасына Чемпиондар лигасының үш дүркін және ең кейінгі чемпионы «Барселона» (Испания), бес дүркін жеңімпазы «Интер» (Испания), сонымен қатар осы турнирде бір мәртеден топ жарған Пор­тугалияның «Спортинг» және «Бен­фика», Ресейдің «Газпром-Югра», турнирге екінші мәрте қаты­сып жатқан КПРФ (Ресей) пен сло­вениялық дебютант – «Добовец» командалары қатысып жатыр.

Футбол • 29 Сәуір, 2021

Қарымта матчта шешіледі

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындары басталды. Финал жолдамасын са­рапқа салатын алғашқы матчта «Реал» мен «Челси» клубтары кез­десті.

Бокс • 29 Сәуір, 2021

Жеті жүлде жеңіп алды

Сербия астанасы – Белградта бокстан халықаралық Belgrade Winner турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының боксшылары да қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Теннис • 28 Сәуір, 2021

Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысыр астанасы – Каирде өткен ITF Men M15 Cairo турнирінің жұптық сынында бас жүлдені жеңіп алды.

Бокс • 28 Сәуір, 2021

Төрт спортшымыз – финалда

Бұл күндері Сербияның бас шаһары – Белградта бокстан халықаралық Belgrade Winner турнирі өтіп жатыр. Күні кеше жарыстың жартылай финал бәсекелері аяқталып, финалға жолдама алған боксшылар анықталды.

Оқиға • 28 Сәуір, 2021

Олимпиада жолдамасынан қағылды

Семсерлесу спортынан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.

Футбол • 27 Сәуір, 2021

VAR жүйесі қажет пе?

Жақын арада әлем футболында кеңінен қолданылып, төрешілердің жүктемесін азайтуға көмектесіп жатқан VAR бей­неқайталау жүйесі Қазақстанда да қолданылмақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлімдеді.