Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 16 Тамыз, 2019

Арманы алға жетелеген бала

Қазақстандық Ник Вуй­чич атанып кеткен елорда тұрғыны Әли Тұрғанбеков Түркияның Ыстанбұл қаласында ағылшынның «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен футболдан УЕФА Супер кубо­гы матчына арнайы шақы­рыл­ған қонақтардың қа­та­рынан орын алды.

Спорт • 15 Тамыз, 2019

«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы плей-офф кезеңіне жолдама алды

Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы футбол­дан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі үшінші іріктеу ойынында Финляндияның ПК-35 командасын жеңіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

14 Тамыз, 2019

МСҚ 2020 жылы көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алуға дайын

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын. Қор медициналық сақтандыру саласындағы озық тәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жүйені дамыту жұмыстарын алдағы уақытта да тоқтатпайды. Бұл туралы оңтүстік астанада медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

14 Тамыз, 2019

МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады 

МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы оңтүстік астанада медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Tour of Almaty жарысы өтеді

Биыл Алматыда жетінші рет велоспорттан Tour of Almaty екі күндік веложарысы ұйымдастырылмақ. Аталған бәсеке қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең ірі велододаға айналды.

13 Тамыз, 2019

Жастар жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды

Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі - Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырған жазғы фестиваль. 

13 Тамыз, 2019

Заманауи әлемдегі әйелдер терроризмінің құпиясы қандай?

Әйелдердің террористік әрекеті саясаткерлер мен терроризммен күресіп жатқан халықаралық күш құрылымдары тарапынан көп зерттелмеген тақырып. Академиялық зерттеулер мен медиа материалдарында басымдылық әйелдердің жеке өмірлеріне ғана беріледі. Аталған мәселеге байланысты елімізге белгілі теолог – Асқар Сабдин жуырда facebook парақшасында жазба қалдырған еді. Онда маман ақпарат кеңістігі әйелдерді халықаралық террористік ұйымдардың жеңіл құрбаны етіп көрсететінін жазды.

Спорт • 13 Тамыз, 2019

Алыптар Арабияда жұдырықтасады

Кәсіпқой бокстың аса ауыр салмақ­тағы WBA Super, WBO, IBF, IBO тұжы­рымы бойынша әлем чемпионы мек­сикалық кіші Энди Руис экс-чем­пион британиялық Энтони Джошуа­мен қарымта кездесу өткізуге келісті.  

Спорт • 13 Тамыз, 2019

Әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан «Мастерс» сериясына енетін халықаралық турнирдің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.  

Спорт • 12 Тамыз, 2019

Президент кубогын бесінші мәрте жеңіп алды

Өткен апта Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұзсарайында 10-шы рет ұйымдастырылған хоккейден Қазақстан Президенті кубогы өз мәресіне жетті. Елорданың «Барыс» клубы алғашқы үш ойынында қарсыластарынан басым түсіп, Президент кубогын бесінші рет жеңіп алды.