Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

US Open турнирі өз мәресіне жетті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирі өз мәресіне жетті. Финалда испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Даниил Медведев бақ сынап, испаниялық теннисші басым түсті.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

Алғашқы қарсыластар анықталды

Жексенбі күні Екатеринбургте (Ресей) бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойын­ша боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Туризм бойынша ұлттық байқау өтеді

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы биыл екінші рет Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «National Tourism Awards 2019» ұлттық байқауын ұйымдастырып жатыр. Конкурсқа өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

Спорт • 09 Қыркүйек, 2019

Жастар жеңіліп, ересектер тең түсті

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қа­зақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасы кезекті тур ойындарын өткізді. 2021 жылы 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында өтетін додада бақ сынап жатқан Қазақстан жастар құрамасы «Астана Аренада» Испания құрамасын қабылдаса, 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде ересектер арасындағы ұлттық құрама ойыншылары сырт алаңда Кипрмен кездесті.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Мәре сызығын тоғызыншы болып кесті

«Испания Вуэльтасы» велокөп­күндігінің кезекті 11-ші кезеңі 180 шақырымдық Сен-Пале – Урдакс-Данчаринеа аралығын жалғады. Бұл кезеңде пелотоннан қара үзіп кеткен топ өзара жеңімпазды анықтады.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Іріктеу турнирі Вухан қаласында өтеді

Бокстан 2020 жылғы Олимпия ойындарына іріктеу турнирлерін ұйым­дастыратын арнайы жұмыс тобы лицен­зиялық жарыс өтетін қалаларды анық­тады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Әлем кубогы аяқталды

Ресейдің Қазан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы жарысы мәресіне жетті. Жаһандық додаға Қазақ­стан құрамасынан Адина Әділ­ханова мен Адиля Тілекенова қатысқан болатын.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Жұптық кезеңді жалғастыруда

Теннистен қыздар арасында Қазақ­станның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сында өтіп жатқан US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирінің жұптық бәсе­кесінде үшінші кезеңге жолдама алды.

Футбол • 02 Қыркүйек, 2019

«Астана» «Олд Траффордта» ойнайды

Елорданың «Астана» командасы бесінші жыл қатарынан Еуродода ойындарының топтық кезеңіне шықты. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Беларусьтың БАТЭ командасымен кездескен жерлестеріміз өз алаңында 3:0 есебімен жеңіске жеткенімен, сырт алаңда 0:2 нәтижесімен есе жі­берді. Бірақ қос ойынның қорытындысы бо­йынша 3:2 есебімен топтық кезеңге жолдама алды.

Спорт • 30 Тамыз, 2019

«Астана» бесінші жыл қатарынан Еуродода ойындарының топтық кезеңіне шықты

Матч басталардан бір сағат бұрын екі команданың құрамы жарияланды. Өткен ойынмен салыстырғанда бүгінгі кездесуде екі команданың да бас бапкерлері негізгі құрамға аздаған өзгеріс жасағанын байқадық. Елордада өткен матчта бірінші минуттан бастап алаңға шыққан Фирмин Мубеленің орнына негізгі құрамда Роман Муртазаев шықты. Ал БАТЭ сапында Копитович пен Сарока алғашқы минуттан жасыл алаңда өнер көрсетті.