Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Футбол • 30 Мамыр, 2023

Даму турниріне қатысты

17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспі­рімдер құрамасы 24-29 мамыр ара­лы­ғында Волгоградта өткен УЕФА Да­му жарысына қатысып, үшінші орынға ие болды.

Спорт • 30 Мамыр, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

Алатау бөктерінде ұйымдастырылған стенд атудан Әлем кубогі кезеңі аяқ­талды. Жарыстың соңғы күнінде отан­дастарымыз – Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко бас жүлде жеңіп алды.

Хоккей • 29 Мамыр, 2023

Хоккей ойнауды Латвиядан үйренеміз бе?

Шайбалы хоккейден Тампере (Финляндия) мен Ригада (Латвия) ұйымдастырылған элиталы кезеңнің әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптадан аса уақытқа жалғасқан мұз үстіндегі бәсеке Үйеңкі жапырақтар елінің жеңісімен аяқталды. Канадалық хоккейшілер финалда Германияны 5:2 есебімен қапы қалдырды. Ал қола жүлдені жарыс қожайындарының бірі – Латвия жеңіп алды. Олар үшінші орын үшін өткен кездесуде әлем біріншілігінің сенсациясын жасап, талантты жастардан жасақталған АҚШ құрамасын овертаймда опық жегізді. Сөйтіп, мұзайдын иелері өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Спорт • 29 Мамыр, 2023

Финалда есе жіберді

Регби 15-тен Қазақстан әйелдер құра­ма­сы Алматыда ұйымдастырылған XII Азия чемпионатының финалында Жа­пония қыздарымен шеберлік бай­қасып, қарсыластарына ірі есеппен жол беріп қойды.

Футбол • 29 Мамыр, 2023

Көршілердің жетістігі

Бұл күндері Аргентина жасыл алаң­дарында өтіп жатқан футболдан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқ­талып, плей-офф сатысына шыққан құрамалар анықталды.

Шахмат • 28 Мамыр, 2023

Асаубаева – алтыншы орында

Кипрдің бас шаһары – Никосияда ұйымдастырылған шахматтан әйел­дер ара­сындағы ФИДЕ Гран-при жары­сының төртінші кезеңі өз мәре­сіне жетті. Бұл сында 24 жастағы герма­ниялық гроссмейстер Динара Вагнер жеңіске жетті.

Спорт • 28 Мамыр, 2023

Әлем кубогінің жүлдегері атанды

Болгарияның Варна қаласында өткен спорттық гимнастикадан «Challenge Cup» санатындағы Әлем кубогінің ал­ғашқы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов қола жүлдегер атанды.

Футбол • 25 Мамыр, 2023

Жаңа жейдемен – жетістікке

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) елордадағы Тұңғыш Президент мұражайында алдағы футбол маусымына арналған әр­түрлі деңгейдегі ұлттық құра­ма­лардың жаңа ойын жейдесін таныс­тырды. Футболшылардың спорттық жейдесін Италияның әйгілі «Errea Sport» компаниясы ұсынып отыр.

Хоккей • 24 Мамыр, 2023

Ширек финалға шыққан сегіздік

Шайбалы хоккейден Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды. Элиталы кезеңнің топтық кезеңінде бақ сынаған 16 команданың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз құрама әлемдік доданың ширек финалына жолдама алады.

Хоккей • 24 Мамыр, 2023

Төртінші мәрте элиталы топта ойнайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы да элиталы дивизионның әлем чемпионатында өнер көрсететін болды. 57 жастағы отандық маман Ғалым Мәмбеталиев жетекшілік ететін біздің құрама Тампере (Финляндия) мен Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде тәуір нәтиже көрсетіп, 2024 жылы Чехияда жалауы желбірейтін жаһандық додаға қатысу мүмкіндігін сақтап қалды. Жерлестеріміз Ригадағы бәсекенің соңғы турында Словения хоккейшілерін 4:3 есебімен тізе бүктіріп, чемпионаттағы жетінші ұпайына қол жеткізді.