Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Бокс • 28 Шілде, 2022

IBF белдігін сарапқа салады

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 17 қыркүйек күні АҚШ-та өткізеді.

Спорт • 28 Шілде, 2022

«Азия балалары» жарысына қатысады

Кеше Ресейдің Владивосток қаласында халықаралық VII «Азия балалары» спорт ойындарының жалауы желбіреді. Бұл сында Қазақстан спортшылары дзюдо және таэквондо бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Спорт • 28 Шілде, 2022

Дзюдошылар елордада белдеседі

4-7 тамыз күндері қазақтың даңқты балуаны, Мәскеу Олимпиа­дасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» спорт сарайында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Футбол • 27 Шілде, 2022

«Тобыл» келесі кезеңге өтті

УЕФА Конференция лига­сының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан қазақ­стандық төрт командадан бірінші болып Қостанайдың «Тобылы» турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Алғашқы ойында Гиб­рал­тардың «Линкольн Ред Импс» клубынан басым түс­кен жерлестеріміз қарымта кездесуде де жеңіске жетті.

Спорт • 27 Шілде, 2022

Допинг дауына ілікті

Қазақстандық Astana Qazaqstan Team велокомандасының колумбиялық көшбасшысы Мигель Анхель Лопес допинг дауына қатысы бар деген күдікпен Испанияда ұсталды.

Теннис • 27 Шілде, 2022

Финалда сүрінді

Германияның Вайблинген қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы турнир мәресіне жетті.

Ауыр атлетика • 27 Шілде, 2022

Ташкенттен табыспен оралды

Өзбекстан астанасында ұйымдас­тырылған ауыр атлетикадан жас­тар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың 21 мемлекеті қатысқан жа­рыста жерлестеріміз 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Спорт • 26 Шілде, 2022

Алтын бұйырған әлем чемпионаты

АҚШ-тың Юджин қаласында ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан XVIII әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. «Хейворд Филд» стадионында өткен жаһандық додада дүние жүзінің 192 мемлекетінен келген 2 мыңға жуық спортшы 10 күн бойы 49 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Спорт • 26 Шілде, 2022

Елордада екі жүлде бұйырды

Астанада триатлоннан U19 және U23 жас санаттарында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Бәсекеге Сары құр­лықтағы 13 елдің 100-ден астам спортшысы қатысты. Бұл сында ел намысын 15 спортшы қорғап, оның екеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ауыр атлетика • 26 Шілде, 2022

Жасөспірімдер жарап тұр

Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чем­пионатында ел қоржынына кезекті алтын түсті.