Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 13 Шілде, 2022

Елена Рыбакина: Қазақстанға «дайын өнім» ретінде келгенім жоқ

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдондағы» жеңісінен кейін елордаға келіп, қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездескен болатын. Назарларыңызға қазақстандық теннисшінің баспасөз конференциясында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға берген жауабын ұсынамыз.

Спорт • 13 Шілде, 2022

Дүниежүзілік ойындар жарысы өтіп жатыр

Бұл күндері АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі XI Дүниежүзілік ойындар жарысы өтіп жатыр. Төрткүл дүниенің бірнеше елінен келген 3500-ден астам атлет спорттың 34 түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының спортшылары да бар. АҚШ-қа аттанған 16 спортшымыз жарыс бағдарламасына енген спорттың 8 түрінен сынға түсуде.

Теннис • 12 Шілде, 2022

Уимблдон чемпионын күтіп алды

Теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт турнирдің бірі – «Уимблдонда» жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні елге оралды. Еліміздің әйелдер арасындағы бірінші ракеткасын елорда әуежайынан спортшының туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.

Футбол • 12 Шілде, 2022

EURO-2024: Іріктеудегі қарсыластар анықталды

Өткен аптада Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. 2021 жылғы жаһандық додада төртінші орынға ие болған Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша бесінші топқа түсті. Іріктеудің негізгі кезеңінде жерлестеріміз Словения және Черногория құрамаларымен бірге элиталы кезеңнің жолдамасын сарапқа салатын болды.

Теннис • 12 Шілде, 2022

Жас теннисшілер Еуропада үздік шықты

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елен Рыбакинаның «Уимблдон» жарысындағы жарқын жеңісінің ізін ала соңынан ерген қазақстандық жас талантты теннисшілер де халықаралық турнирлерде үздіктер қатарынан көрінді.

Спорт • 10 Шілде, 2022

Александр Винокуров: Мақсат – екі кезеңде жеңіске жету

Велошабандоздар арасындағы ең ірі жарыс – «Тур де Франс» көпкүндігі бел ортасына таяп қалды. Данияның астанасы – Копенгагеннен бастау алған биылғы велобәйге бұл күндері Швейцария тас жолдарында өтіп жатыр. Бұл аралықта велоспортшылар Францияның солтүстігінен шығысқа қарай жүріп, жолай Бельгия шекарасын кесіп өтті.

Спорт • 08 Шілде, 2022

Сербия чемпионатында жүлде алды

Шахматтың блиц түрінен ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева жүлде қоры 35 мың еуроны құраған Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орынға ие болды.

Спорт • 08 Шілде, 2022

Тәртіпсіздік құны – 11 625 еуро

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Ұлттар лигасы аясында елордада өткен Қазақстан – Словакия ойынында жанкүйерлердің тәртіпсіздігі үшін Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.  

Спорт • 08 Шілде, 2022

Будапешт татамиінде бақ сынайды

Бүгін Мажарстанның бас шаһары Будапештте дзюдодан Париж Олим­пиа­дасына рейтингтік ұпай беретін кезекті Grand Slam турнирінің жалауы желбірейді. Аталған додада Қазақстан құрамасының балуандары да бақ сынайды.

Хоккей • 08 Шілде, 2022

Гагарин кубогы – елордада

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының қорғаушысы Даррен Диц елордаға Гагарин кубогын алып келді. Елорда күніне орай «Барыс Аренада» ұйымдастырылған іс-шарада елордалық клубтың экс-ойыншысы жанкүйерлермен кездесіп, ЦСКА сапында жеңіп алған алғашқы кубогын көрсетті.