Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 19 Мамыр, 2022

Жалпы есепте топ жарды

Бұл күндері Францияның Нормандия қаласында 2004-2006 жылдары туған оқушылар арасындағы Гимназиада жарысы өтіп жатыр. Бұл бәсекеде қазақстандық таэквондо шеберлері 3 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

Хоккей • 19 Мамыр, 2022

Швейцариядан да ұпай ала алмады

Финляндия астанасы – Хельсинки мен Тампере қалала­рында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпио­натының топтық кезеңдегі үшінші тур ойындары аяқталды. Бұл турда Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшілері әлемдік додаға қатысып жатқан елдер арасындағы рейтингте көш бастап тұрған Швейцариямен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз бір шайба айырмашылығымен жеңіліп қалды – 3:2.

Спорт • 18 Мамыр, 2022

«Тараз» ширек финалға шықты

Иранның бас шаһары – Тегеранда өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, ширек финалға шық­қан командалар белгілі болды.

Теннис • 18 Мамыр, 2022

Жеке рекордын жаңартты

Күні кеше ерлер (ATP) және әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Фран­ция ашық чемпионатының алдында ойыншылардың рейтингін жаңартты.

Спорт • 18 Мамыр, 2022

Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қала­сында екі аптаға жалғасқан XXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын биылғы додада қазақстандық спортшылар 4 алтын, 7 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды.

Спорт • 18 Мамыр, 2022

«Министр кубогы» сарапқа салынады

22-24 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылған Мәдениет және спорт министрі кубогының жартылай финалы мен финал бәсекелері өтеді.

Теннис • 18 Мамыр, 2022

«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?

Францияның астанасы – Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы ең ірі төрт жарыстың екіншісі – «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Ал жарыстың ресми шымылдығы 22 мамырда түріледі. Оған дейін спортшылар іріктеу сайыстарын өткізіп, негізгі кезеңге шығу үшін шеберлік байқасады. Теннисшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстың бірі саналатын додада Қазақстанның бірнеше өкілі өнер көрсетеді.

Футбол • 18 Мамыр, 2022

Жаңа бапкер жарылқай ала ма?

Өткен аптада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шешім қабылдап, ресейлік маман Магомед Адиевті Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп тағайындады.

Футбол • 17 Мамыр, 2022

«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан ел чемпионатының кезекті тур ойынынан кейін Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері, қазақ­стандық маман Александр Мос­каленко қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 17 Мамыр, 2022

Нибали үздіктер қатарынан көрінді

Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің тоғы­зыншы кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл кезеңде 26 жастағы Bora-hansgrohe командасының аустралиялық велошабандозы Джей Хиндли топ жарды.