Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Бокс • 09 Наурыз, 2023

Қыздар құрамасы Делиге аттанады

15 наурызда Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде бокстан әйелдер ара­сындағы әлем чемпионатының шы­мылдығы түріліп, жарыс 31 наурызға дейін жалғасады. Күні кеше дүбірлі дода­да бақ сынайтын ел құра­масының тізімі белгілі болды.

Спорт • 08 Наурыз, 2023

Бұрымды бапкерлер

Әйел затының жаратылысы нәзік дегенімізбен, бүгінде қайсар да, қайратты аруларымыз үшін кез келген сала жат емес. Тіпті бұрымдылар меңгермеген мамандық жоқ десек, артық айтқандық болмас. Соңғы жылдары спорт саласында да қыздардың үлесі артып келеді.

Қысқы спорт • 07 Наурыз, 2023

Немістер дес берер емес

Бұл күндері Щучинскіде биатлон­нан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жа­рыстың алғашқы екі күнінен кейін Германия спортшылары алда келеді.

Теннис • 06 Наурыз, 2023

Рейтингте ілгерілеу жоқ

Кәсіби теннисшілер (ATP) мен Әйел­дер теннисі қауымдастығы (WTA) дәстүр бойынша апта басында спорт­шылардың рейтингін жариялады.

Спорт • 28 Ақпан, 2023

Допинг дауынан сабақ алатын кез жетті

Кейінгі жылдары қазақ спортының дамуын тежеп тұрған бір мәселе бар болса, бұл – спортшылардың жегіқұртына айналған допинг дауы. Кезінде Олимпия ойындары, әлем чемпионаттары секілді ел мерейін асыратын ірі-ірі байрақты додаларда дараланып, қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлаған спортшыларымызды жер-көкке сыйғызбай, төбемізге көтерген едік. Өкінішке қарай, көп ұзамай сол саңлақтарымыздың Олимп шыңын қитұрқы жолмен бағындырғаны дәлелденіп, жер-жаһанның жанкүйерлері алдында масқара болдық...

Хоккей • 22 Ақпан, 2023

Жалақы көп, нәтиже жоқ

Ресейдің «Спорт Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында (ҚХЛ) ең көп жалақы алатын хоккейшілердің есімін жариялады. Бай-қуатты спортшылардың тізімін «Локомотив» пен «Авангард» клубтарының шабуылшылары – Максим Шалунов пен Корбэн Найт бастап тұр. Екі хоккейші жылына 90 млн рубль (теңгеге шаққанда – 538 млн) көлемінде жалақы алады екен. Бұл – бонус пен сыйақыларын есептемегендегі таза айлық жалақылары.

Теннис • 21 Ақпан, 2023

Жасөспірімдер құрамасы жасақталды

Биылғы халықаралық жарыстарда теннистен ел намысын қорғайтын Қазақ­стан жасөспірімдер құрамы бел­гілі бол­ды.

Спорт • 10 Тамыз, 2021

«Президент кубогына» қатысады

Елорданың «Барыс» хоккей клубы «Мичурин» базасындағы бірін­ші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Қыркүйекте басталатын Құр­лықтық хоккей лигасының жаңа маусымы алдында астаналық команда дәстүрлі «Президент кубогы» жарысында бақ сынайды.

Спорт • 28 Маусым, 2021

Ширек финал бәсекелері басталды

Кәрі құрлықтың 11 елінде өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының плей-оф­ф кезеңіндегі матчтар басталды. 1/8 финал кездесулерінің шымыл­дығын А тобында екінші орын алған Уэльс пен В тобында дәл сондай нәтиже көрсеткен Дания және А тобының үздігі Италия мен С тобында екінші орынға табан тіреген Аустрия құрамалары ашып берді.

Спорт • 13 Маусым, 2021

Доп додасы тосын оқиғалармен басталды

Жұмадан сенбіге қараған түні Италия астанасы – Римде футболдан 16-шы Еуропа чемпионатының шымылдығы түрілді. Кәрі құрлық біріншілігі «ә» дегеннен күтпеген оқиғалармен бас­талды. Чемпионаттың алғашқы голын Түркия құрамасының футболшысы өз қақпасына соғып алса, Дания-Финляндия арасындағы матчтың бірін­ші таймында дат футболшысы Кристиан Эриксен есінен танып, стадионға жи­налған және ойынды теледидар арқылы тамашалаған миллиондаған жанкүйерді уайымға салып қойды.