Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Қысқы спорт • 01 Қараша, 2021

Денис Тенді еске алды

Елордадағы «Барыс Арена» мұзайдынында қазақстандық даңқты мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске түсіруге арналған дәстүрлі Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Футбол • 01 Қараша, 2021

Элиталы кезеңге жолдама алды

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымдағы негізгі кезеңнің іріктеу ойын­дары аяқталды. Бұл сында Қазақстанның екі командасы – «Қайрат» пен «Атырау» бақ сынаған болса, тек біріншісі ғана турнирдің келесі сатысына жолдама алды. А тобының екінші себетінде орналасқан Алматының «Қайраты» үш ойынның біреуінде жеңіске жетіп, екі ойында қарсыластарымен тең ойнады. Ал айтулы додаға тұңғыш рет қатысқан «Атырау» барлық ойында жеңіліп қалды.

Хоккей • 01 Қараша, 2021

«Барыс» қайта еңсе тіктеді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» сырт айдында өткен екінші ойынында да жеңіске жетті. Алғаш Вла­дивостоктың «Адми­ралын» 4:1 есебімен жеңсе, бұл жолы Ха­баров­скінің «Амурын» 1:0 нәтижесімен қапы қалдырды.

Кәсіпқой бокс • 01 Қараша, 2021

Нокаутпен жеңіліп қалды

Бірінші жартылай орта салмақта жұды­рықтасатын қазақстандық кәсіп­қой боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (4-1, 3 КО) төртінші жекпе-жегін жеңі­ліспен аяқтады.

Спорт • 01 Қараша, 2021

VAR – Қазақстанда да бар

Қарашадан бастап біздің елде де әлем­дік тәжірибедегі VAR жүйесі қолда­нылмақ. Қазақстанның футбол федерациясы мен кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан кубогы ойын­да­рында VAR жүйесін қолдануға FIFA-дан ресми рұқсат алды.

Спорт • 01 Қараша, 2021

Сербияда сәтті өнер көрсетуде

Сербияның бас шаһары – Белградта өтіп жатқан әуесқой бокстан кезекті әлем чемпионатының ал­ғаш­қы аптасы өз мәресіне жет­ті. Бүгінге дейін бар­лық бокс­шымыз шаршы алаңға көтеріліп қойды. Жігіт­теріміздің алды үш кездесу, кейінгілері алғашқы жекпе-жегін өткізіп үлгерді. Өкі­нішке қарай, жарыс барысында екі былғары қолғап шеберіміз қатардан шығып қалды.

Спорт • 28 Қазан, 2021

Жолдама үшін жанталас

Бұл күндері шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері келесі жылы Қытайда өтетін Қысқы Олимпия ойындарына жолдама беретін Әлем кубогы кезеңінің жарыстарына қатысуда. Жуырда ғана Қытайда өткен байрақты бәсекенің бірінші кезеңінде сәтті өнер көрсеткен жерлестеріміз бүгін Жапонияда басталатын екінші кезеңде де үздіктер қатарынан көрінуді көздейді.

Спорт • 26 Қазан, 2021

Чемпион соңғы турда анықталады

Футболдан Қазақстан чем­пионатының 25-тур ойындары аясында біріншіліктің бас жүлдесінен әлдеқашан үміт үзген Алматының «Қай­раты» мен биылғы чем­­пиондықтан басты үміт­кер елорданың «Ас­та­насы» кездесті. Біраз жыл­дан бері екі команда ара­­сындағы кездесу еліміз­дегі ең тартысты матч саналады. Жанкүйерлер тарапынан «Ел классикосы» деп айдар тағылған екі клуб ара­сындағы бұл жолғы те­кетірес те әдеттегідей тар­тыс­­ты өтті.

Ұлттық спорт • 25 Қазан, 2021

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

Ақтауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған биылғы VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті.

Спорт • 22 Қазан, 2021

Спорт жаңалықтарына шолу