Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Футбол • 06 Наурыз, 2023

«Атырауды» жеңе алмады

Футболдан ел біріншілігінің бірінші тур бә­секелері тосын нәтижелермен аяқ­талды. Алматының «Қайраты» чем­пио­наттағы алғашқы ойынын өз ала­ңында өткізіп, «Атыраумен» ұпай бөлісті.

Спорт • 05 Наурыз, 2023

Балалар аламаны аяқталды

Ресей Федерациясының Кузбасс аймағында ұйымдастырылған қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары өз мәресіне жетті. Жарыстың ресми жабылу рәсімінде еліміздің көк байрағын шорт-трек спортының шебері Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық ойындардың туын түсіру рәсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты.

Футбол • 05 Наурыз, 2023

Ел біріншілігі басталды немесе Исламханның оралуы

Өткен демалыс күндері футболдан 2023 жылғы ел чемпионатының шымылдығы түрілді. Еліміздің бес қаласында ұйымдастырылған I тур ойындары даңқты футболшы және бапкері Тимур Сегізбаевтың құрметіне арналды.

Теннис • 05 Наурыз, 2023

Аннаның алғашқы жеңісі

Қазақстанның жұптық сындағы бірін­ші ракеткасы Анна Данилина Астанада өткен «ITF World Tennis Tour» сана­тындағы «BeeTV 40 Women’s» тур­нирінің жеңімпазы атанды.

Спорт • 05 Наурыз, 2023

Ташкенттегі қос күміс

Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кент­те алауы тұтанған дзюдошылардың «Үлкен дулыға» санатындағы кезекті жарысы аяқталды. Аталған жарыстың алғашқы екі күнінде екі отандасымыз финалдық сайыста белдесті.

Спорт • 05 Наурыз, 2023

Дохада дара шықты

Қатар астанасы – Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Бокс • 02 Наурыз, 2023

IBA ашық айқасқа кірісті

Әлемдегі саяси жағдайға байланысты туындаған әуесқой бокс төңірегіндегі дау қайта өрши түсті. Өткен айда бірқатар мемлекеттің бокс федерациялары қыздар (Үндістан) мен ерлер (Өзбекстан) арасындағы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартқаны белгілі. Соның қарымтасы ретінде бірер күн бұрын Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) Ресей мен Беларусь былғары қолғап шеберлерінің дүниежүзілік додада өнер көрсетуіне қарсы болған федерация басшыларына қатысты тәртіптік іс қозғады.

Қысқы спорт • 01 Наурыз, 2023

Ильяның алтыны

Бұл күндері Ресей Фе­де­­ра­­циясының Ке­­ме­рево қа­ласында қысқы спорт түр­лерінен ІІ «Азия балалары» ойындары өтіп жатыр. Жас жеткіншектер додасына қатысып жатқан Қазақстан құ­ра­ма­сының өрендері сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жер­лестеріміз бүгінге дейін 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) олжалап үлгерді.

Спорт • 01 Наурыз, 2023

Баскетболдағы бәсіміз неге төмен?

Әлемдік додаларда бақ сынап жүрген жерлестеріміз командалық сайыстарға қарағанда, жекелеген спорт түрлерінде сәтті өнер көрсетіп жүргені жасырын емес. Жеке-дара көш бастауға ұмтылатын Жеке батырдың бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін ұжымдық ойында ұйымшылдық таныта алмай-ақ қойды. Мәселен, күні кеше баскетболдан әлем чемпионатына іріктеу матчтары өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, жаһандық доданың жолдамасына бір табан жақын тұрған Қазақстан құрамасы шешуші екі ойынның екеуінде де жеңіліп, әлем біріншілігінен құралақан қалды.

Бокс • 27 Ақпан, 2023

Болгарияда бас жүлде бұйырған жоқ

Бокстан Софияда жалауы желбіреген «Странджа» кубогі турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 74-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста Қазақстан боксшылары бас жүлдеге қол жеткізе алмай, жанкүйерлерді жерге қаратты. Жерлестеріміз кіші әлем чемпионатына баланған бәсекені небәрі екі жүлдемен (1 күміс, 1 қола) қорытындылады. Әрине, мұны әлемнің алдыңғы қатарлы құрамасына лайықты нәтиже деп айта алмаймыз.