• 20 Қыркүйек, 2017
Дала данагөйлері: Майқыдан Мөңкеге дейін
Түмен-түмен қол төңкеріп, түйдек бұлттай жөңкіп көшкен аласапыран тарихты ат тұяғымен жазған баяғы бабаларымыздың парасат пен салтанатқа толы өмір салты да өзгеше болған ғой! Ұлы даланы уыстап тұрған қаһарлы ханның қасында отырып әділдікке келгенде туғаны жоқ тумадай қара қылды қақ жарып тура сөйлеп, бітіспес дауды бір ауыз сөзбен тоқтатқан билерінің биік ақыл-ойына ордадағы орны да, ел ішіндегі беделі де сай болыпты.
Әдебиет • 14 Шілде, 2017
Ол – бағзыдан жеткен түпкі сенімді серт етіп, түрік бітігінде «мың жылға, түмен күнге жететін» өсиетін өрнектеген Тоныкөк пен ислам өркениетіне тәу еткен Ясауи аралығындағы рухани кеңістікті ұластырып тұрған біртуар кемеңгер. Жағырафиялық тұрғыдан қарасақ алтын бесік, баба мекен Алтай, оғыз-қыпшақтың атажұрты Сыр бойы, кейінгі кенже топырақ Кавказ бен Анадолы аймағын өз есімі арқылы біріктіріп тұрған толағай тұлға.
• 16 Маусым, 2017
Тарихымызда қалың көпшілікке танылмай тасада қалған тұлғалар қаншама десеңізші. Қай қиырда жүрсе де еліне елеулі еңбек еткен ерен ерлердің қайсібірі тәуелсіздікпен бірге туған жерімен қауышып жатса, кейбірі көне көздердің қатары сиреген сайын ұмытылып барады. Жас ұрпақ біле бермейтін, интернеттен іздесеңіз де мардымды ақпарат табыла қоймайтын кесек тұлғаның бірі – біздің кейіпкеріміз Әмір Нәжіп.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Астана саммиті: дамудың жаңа дәуірі
Бүгін, ертең елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшылары бас қосады. Іргелі ұйым құрылғаннан бергі 16 жыл ішінде саммитке алғаш рет 6 қатысушы емес, ШЫҰ-ның толыққанды 8 мүшесі қатысуда.
• 06 Маусым, 2017
Атамекен эпикалық санада айшықталады, туған жер қанымыздың түйіршігінде, жанымыздың түкпірінде, тарихи санамыз бен таным-түйсігіміздің терең қатпарында қатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, туған жер тұрған жермен өлшенбейді.
Руханият • 26 Мамыр, 2017
Дәуірлер мен замандар ауысса да, сан қилы қоғамдық жүйелер алмасса да, қара тастың өзін кеміріп жоқ ететін уақыт пен кеңістік сапырылысса да, өлшемі кеміп өзгермейтін, мыңқ етіп мызғымайтын, бояуы оңғанымен ішкі нәрі құлпырып қайта түлей беретін, халыққа сарқылмас өзен-өмірдің мәңгі сарынын жалғайтын рухани жауһар құндылықтар, мәйекті мәдени игіліктер болады. Мұндай баға жетпес ақыл-ой қазыналары жекелеген халықтарды ғана емес, тұтас адамзатты, бір өңір ғана емес, орасан кеңістікті өркениет бесігінде тербетіп, ұшы-қиыры жоқ салқар уақыттың қоңыраулы рәмізіндей алыс ғасырлардан күмбірлеп үн қатып тұрады. Адам-қоғам-табиғаттың ілгері жылжыған осынау ішкі үнінің дабысын естіп, нәзік ырғағына зер салып, тамыр бүлкілін жүрек лүпіліне үйлестіріп, айналасын таңғажайып әсерге бөлей алатын қайталанбас тұлғалар болады. Мұндай дарабоз жандар ұлттық ой-сананы жаңа белеске көтеріп, тұтас бір халықтың интеллектуалдық өресін өрісті көкжиекке жетелей береді.
• 03 Мамыр, 2017
Тарлан тарихымыз бен түйсік-санамыздың терең қатпарларында қалған жұмбақтарды аша түсетін құнды еңбегінде Рашид-ад-дин жан-жағы қамал сынды заңғар таулармен қоршалған Жерұйық мекен – Ергенеқоннан түскен Бөрте-чино жайында баяндайды. Оның «Уа, қасиетті көк бөрінің оғландары, ата жұртымызды қайтарып алайық» деген сөзінен кейін жауынгер жұрт тауды балқытып, жол салып, туған жеріне оралды дейді аңыз.
• 06 Сәуір, 2017
Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Тарих – адамзаттың шындыққа айналған тағдыры. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Тарихтан тағылым түйгендер өз тағдырын айқындай алады. Бұл ретте Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды.
• 15 Ақпан, 2017
Мәңгілік Ел мұраты жаңғыру жолында
Әр халықтың аңсар-арманы, мақсат-мұраты болады. Ұлы миссияға ұмтылған ұлттардың бағындырар белестері мен алар асулары да биік болмақ. Бұл ретте, Елбасы айтқандай, ержүрек, қаһарман қазақ халқының алға қойған ізгі мұраты – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау! Мәңгілік Ел мұраты – бағзыны бүгінге жалғайтын терең тамыр, бүгінді болашаққа бастайтын алтын арқау, ұлы аңсар!
• 05 Қаңтар, 2017
Табалдырығымыздан тағы бір жыл аттады. Жақсылыққа, табысқа толы жыл болғай деген тілек үстіндеміз.