Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК«Egemen Qazaqstan»
12 материал табылды

Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2024

Аруана жетектеген пәруана

Қазақ әдебиетін әлемге таныту үшін жаңа мазмұнға көшуге тура келетін секілді. Бір қарағанда мұнымыз басы артық талап сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бүгінгі әдеби өмірдің шындығы осы екенін мойындауымыз керек. Бұл тұрғыда қаламгерлеріміз екі майданда қатар жұмыс істеп жатыр деуге де болады. Бірі қайткенде де ұлтқа ұнау, екіншісі әлемге танылу.

Тұлға • 14 Қараша, 2024

Бейімбетті заманға бейімдемейік

Жан дүниесіне терең із қалдырған оқиғалар адамды сол нүктеге айналдырып әкеле беретіні бар. Мұндай құбылысты бір тақырыпқа қайта айналып соға беретін шығармашылық адамдарының өмірінен де байқауға болады. Осындай ерекше­лік қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің шығарма­ларынан да айқын көрініс тапқаны таңдандырмай қоймайды.

Поэзия • 21 Қыркүйек, 2024

Мұхтар Шаханов: Жароков көшесіндегі кездесу

Мұхтар Шахановтан күз, қыс, көктем, жаз туралы өлең таба қою қиын. Тапсаңыз да «Танакөз» поэмасында бір-екі жол, тағы бір өлеңінде бір-екі тармақ кездесуі мүмкін. Бірақ қыс туралы жазбаса да, желтоқсан айын айналып өтпейді.

Әдебиет • 10 Қыркүйек, 2024

Мезгіл триптихі

Ақселеу. Күзеуде «Күзеуденің» ғажаптығы кеш келген махаббаттың балы мен уытын қатар татқан адамның тағдырын ұлттық болмыс деңгейіне алып шығып суреттеуінде» деп тамсанар еді Қуанышбай Құрманға­ли ағамыз. Содан әрі Ақселеумен бірге, оның кейіпкерлерімен де арлас-құралас болғандай көсіле жөнелер еді. Пайғамбар жасына жеткен Ыршыманның жесір әйел Торғынға деген махаббатын елдің сөзінен де, көздің сұғынан да ақтап алды ғой Ақаң. Он бір баласы болған, содан жалғыз ғана бала қалған. Бәйбішесін де жақсы көреді. Ол Торғынды жақсы көрдім екен деп, өзінің отбасын тастап кетпейді. Бәйбішесі мен Торғынның арасындағы қарым-қатынас та қазақы. Ақаң әдейі соған келтіріп жазған.

Тұлға • 17 Мамыр, 2024

Олжас

Жазушылар одағының екінші қабатына көтерілер тұстағы қабырғада үлкен барельеф бар еді. «Баспалдақпен шыққанда, башпайына маңдайың тіреледі» деп шамданғандар болды. Соны кейін «Олжас Сүлейменов өзінің бейнесін жасатқан» деп қырғызып тастады. Ал ол Олжастікі емес, орақ пен балға ұстаған екеудің ескерткіші сияқты рәміздік мүсін болатын…

Әдебиет • 28 Ақпан, 2024

Мұртаза мен Мағауин

Замандастары Мұртаза мен Мағауинді шойын жолдағы қосылмайтын қос рельс секілді көретін. Рельс демекші, көзі­мізбен көріп, көңілімізге тоқыған сондай да бір оқиға болған. Екеуінің бүкіл өмірін көз алдыңа әкелетін бір сәттік қана эпизод. Ойлап қарасаң, өзіңе де сабақ болатындай қызық жағдай.

Руханият • 19 Қараша, 2023

«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...

Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.

Әдебиет • 01 Қазан, 2023

Детектив – мінезді, тегеурінді жанр

Бір жанрда жазуға қолы жетпейді, екінші жанрда жазуға тәкаппарлығы жібермейді. Әйтпесе детектив – оқырманы көп жанр. Жанрдың ішіндегі елеулісі деуге де болады. Бұл жанрдағы шығармаларды жалпы халық сүйіп оқиды. Бірақ қазақ әдебиетінде тап осы жанр кенжелеп қалып отыр. Қазірге дейін ол тек Кемел Тоқаевтың ғана жанры сияқты елестетеміз. Бір жағынан, бір жанрдың жүгін бір ғана есім арқалап келгені де рас. Әрине, бір адамның бір жанрға айналғаны – ұлт әдебиеті үшін үлкен құбылыс. Алайда оның жолын жалғайтын мектеп қалыптаспағаны алаңдатады. Соған қарағанда детектив жазу да оңай емес. Бұл – бүгінгі әдебиеттің әңгімесі. Осы оймен жазушы Кемел Тоқаевтың жанрын талқылауға жиналдық. Аудармашы Заманбек Әбдешов пен жазушы Асқар Алтай келді.

Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2023

Дәстүрлі әдебиет: Шындықпен бетпе-бет

Сонымен, Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романындағы Едігенің: «Он тоғызыншы ғасырда орыс романдарының Еуропаны басып кеткені тәрізді, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде қазақ романдары бүкіл жер жүзін жаулап алады» деген болжамы жүзеге аспады. Бас кейіпкер Едіге Мұхтар Мағауиннің өзі десек, бұл жай болжам болып қана қалмауға тиіс еді. Енді келіп жазушының аяғы жеткен жерге, романдары жетпегені өкінішті сияқты көрінеді. Бірақ ол жазушының өзіне ғана қатысты шаруа емес.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2023

Постмодернистер майданы

Тоқсаныншы жылдар шамасында басталған постмодернистер дүрмегі әдебиетімізде қандай айтыс-тартыстар тудырғанын әлі ұмыта қойғамыз жоқ. Бүгінгі күні ондай қозғалыс болмағандай жым-жырт қоя салғанымыз басқаны қойып, әдебиет тарихы үшін де обал. Қайткенмен де олар ақын-жазушылардың ортасында ғана емес, қалың оқырман арасында да талқыға түскенін көзіміз көрді емес пе. Оларға әртүрлі саяси ұстанымда болғанымен, өздерін жаңа көзқарастағы адамдар санайтын жекелеген тұлғалар да қызығушылық танытқанын іштей біліп те жүрдік. Соцреализм тұсында қалыптасқан, бірақ ұлттық болмысын жоғалтпаған дәстүрлі әдебиеттің күні біткендей өрекпігеніміз де есімізде. Олар дәстүрлі әдебиетіміздің Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков сынды талантты өкілдерін қалқан етіп ұстады.