Өнер • 24 Қаңтар, 2024
«Астана опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында әйгілі әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Амангелді Сембинге арналған «Сөнбеген сәуле» атты музыкалық кеш өтті.
Егемен Қазақстан • 24 Қаңтар, 2024
Ел ертеңі тарихы мен мәдениетін төбесіне тұтқан рухты жастар қолында. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық кодты ту еткен шығармашыл жас қанаттың орны бөлек. Бүгінде еліміздің әр тарабында гейзер суындай талантымен тасқындап жаңа бұлақтар көзін ашып жатыр.
Жәдігер • 23 Қаңтар, 2024
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың қанжары сақталған. Бұл жәдігерді батырдың сарбазы Ғапбас Саламатұлы тапсырған.
Басылым • 23 Қаңтар, 2024
«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде
Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.
Басылым • 22 Қаңтар, 2024
Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай жарық көрген «Komiser jürgenov» және «Темирбек Жургенов: триумф и трагедия» атты қос кітаптың таныстырылымы өтті.
Тағзым • 22 Қаңтар, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі майдангер жазушы, журналист Әскен Нәбиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Бармысыңдар, армысыңдар, бабалар!» атты әдеби кеш өтті.
Зерде • 22 Қаңтар, 2024
Биыл Торғайдағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған қазақ мектебінің ашылғанына – 160 жыл. Міне, содан бері бұл білім ордасы қаншама баланың санасына сәуле түсіріп, сауаттылық шырағын жағып келеді.
Руханият • 21 Қаңтар, 2024
Биыл ұлт руханиятының шамшырағы «Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толды. Соған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Мәдени іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды.
Тарих • 17 Қаңтар, 2024
Назарбаев университетінде неміс тарихшысы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға алыстан ат терлетіп автордың өзі келіп, қатысты. Бұл ғылыми монографияда өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында болған аштықтың себеп-салдары нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Әріптесім сізді телефонға шақырады деді. Ар жағынан бір кейуананың дауысы естілді. – Азамат деген сенсің бе?– Иә, мен.–Айналайын, мен жасым тоқсанға келген Қазиза Наурызбаева деген әжең боламын. Сенің «Аманаттың жүгі ауыр» атты сұхбатыңды оқып, 6 жасымда соғысқа кеткен әкемді ойлап, көзімнің жасын бір сығып алдым. Әкем сол кеткеннен оралмады. Әлі күнге дейін бір дерек жоқ. Енді осы материалды оқып, «өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей» деп қуандым.