Форум • 28 Қараша, 2024
Еліміздің Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Семей, Петропавл қалаларында облыстық IT-форумдары өтті. 3 мыңнан астам қатысушы жинаған бұл іс-шара өңірлерде цифрлық трансформацияны қолдау мен тәжірибе алмасудың алаңына айналды.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Орта ғасыр тарихын жаңаша зерделеу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ортағасырлық Қазақстан тарихы: жаңаша зерделеу және міндеттер» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған елімізге белгілі ғалымдар, тарих саласының жетекші мамандары және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Мектеп • 21 Қараша, 2024
Үкімет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, еліміздегі мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Соның қорытындысын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.
Білім • 20 Қараша, 2024
Назарбаев университетіндегі Жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Декандар мектебі» академиялық көшбасшы бағдарламасы бойынша еліміздегі 33 жоғары оқу орнынан келген 78 факультет деканы білім алып жатыр. Бағдарлама аясында олар сарапшылармен бірге білім беру ұйымдарын стратегиялық жоспарлау және тиімді басқару мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар стратегиялық жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыруды, қаржылық және ресурстарды басқару әдісін дұрыс қолдануды үйренеді.
Жоба • 19 Қараша, 2024
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Alaqan Technologies» стартапымен бірлесіп, мемлекеттік мекемелерде алақан іздері бойынша биометриялық верификация жүйесінің қанатқақты «Alaqan» жобасын енгізді.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, ғалым, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері Мұратбек Тоқтағазиннің асқаралы алпысқа толған мерейтойына орай «Журналистика мен қазіргі медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Технология • 16 Қараша, 2024
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары еліміздегі көлік жолдарының бұзылу себебін анықтау мақсатында маңызды зерттеу жүргізді. Осы зерттеу жұмыстарының негізінде жол жабынын нығайтудың жаңа әдісі әзірленді.
Университет • 09 Қараша, 2024
Шәкәрім университеті «QS Stars» рейтингінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызды иеленіп, халықаралық беделі нығайды. Сөйтіп, аталған оқу орны «QS Asia University Rankings 2025» рейтингінде өз орнын айқындап, бірден 100 сатыға жоғарылап, Азиядағы 984 университеттің ішінде 501-520 орындарына тұрақтады.
Ғылым • 08 Қараша, 2024
Химиктердің алқалы жиынына қатысады
Назарбаев университетінің екінші курс магистранты Айдарбек Нуфтолла Гононулуда өтетін «PRiME-2024» халықаралық конференциясына қатысу үшін Америка электрхимиялық қоғамының (ECS) грантына ие болды.
Жоба • 06 Қараша, 2024
Абай облысындағы 9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады.