Өнер • 24 Наурыз, 2022
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында суретші Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шара кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Әдебиет • 20 Наурыз, 2022
«Адамға ең қымбаты – жұрт қамы, жұрт ісі»
Биыл – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, ақын, қайраткер, редактор және «Алаш» партиясын құрушылардың бірі болған ұлт ұстазы барлық саналы өмірін туған халқының келешегі жарқын болуына арнады. Патша империясы мен Кеңес өкіметі тұсында түрлі азап көріп, қуғынға ұшыраса да, қолынан қаламын тастамай, кейінгі ұрпаққа құнды мұра қалдырды. Біз бүгін сол еңбектерде қамтылған Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерін оқырманға ұсынып отырмыз.
Елорда • 18 Наурыз, 2022
Нұр-Сұлтан қаласындағы 8 мектепке ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан айтулы тұлғалар есімі берілді. Бұл жағымды жаңалықты қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.
Театр • 16 Наурыз, 2022
Алдағы 1-2 сәуірде «Астана Балет» театрында Иржи Килианның Стивен Райх музыкасына қойған, қазіргі заман балетінің жауһарына айналған «Жолдан тайғандар» балеті көрсетіледі.
Өнер • 15 Наурыз, 2022
Бүгінде қазақ бейнелеу өнеріне талантты жастар легі келді. Солардың бірі – Оралбек Қабөке. Оның туындылары ұлттық калоритке байлығымен ғана емес, жылы әсерге толы әсемдігімен, түпсіз тереңдігімен ерекшеленеді. Айталық, суретшінің «Тартылыс» атты картинасын қараңызшы. Ақ сақалды қарияның құшағында мамыражай ұйқыда жатқан сәбилердің бейнесін көріп, халқымыздың «бала – бауыр етің» дейтін ғажайып философиясын бояу сырымен жеткізген шеберлігіне тәнті боласыз.
Руханият • 15 Наурыз, 2022
Бала күнімізде үлкендерден ел аузында парасат пайымымен, жұғымды мінезімен ілігіп жүрген азамат жайында «Е, оның кісілігі мол ғой» деп отырғанын талай естідім. Сонда «кісілік деген не екен?» деп ойға батушы едім.
Өнер • 14 Наурыз, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына жүз жыл толуына орай «Ән өнерінің падишасы» атты көрме өтті. Оған даңқты өнер иесінің ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2022
Өмірден ерте өткен талантты жазушы Жақсылық Түменбаев осы повесімен әдебиет есігін еркін ашып, оқырмандарының ықыласына бөленді. Бұл шығармада қазақ ауылының бейнесі, сонда өмір сүрген адамдардың тағдыры, мінез-құлқы, пейілі, жалпы, сол кездегі қоғам қайшылығы айшықты суреттелген. Осы жайында сыршыл суреткер Сафуан Шәймерденов «Тасжарған немесе екі туынды» атты мақаласында: «Мен Жақсылық Түменбаевтың «Жұлдыз» журналында басылған «Ауыл шетіндегі үй» повесін бұрын да оқыған едім. Ол повестің ұнағаны соншалық, газет, журнал беттерінен осы авторды әманда іздеп жүретінді шығарғанмын» деп жазады.
Ең қысқа әңгіме • 09 Наурыз, 2022
Біздің ауылда Есімсейіт деген қария болды. Біртоға, парасатты, сөзі елге өтімді, кісілігі зор адам еді. Жұрт «Ел ағасы – Есекең» деп қадір тұтатын. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, одан кейінгі қиыншылық жылдары колхоз басқарып, ел еңсесінің көтерілуіне үлесін қосқан.
Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Биыл Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың туғанына 115 жыл толады. Соған орай елордадағы Ұлттық музейде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналған «Таң Шолпан» атты көрме өтті.