Тарих • 22 Тамыз, 2021
Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.
Әдебиет • 19 Тамыз, 2021
Халқымыздың қаһармандық болмысын көркем сөзбен зерлеген «Қамбар батыр» жырын оқымаған қазақ баласы сирек шығар деп ойлаймыз. Бүгінде көне жырдың 19 нұсқасы бар екен. Оны алғаш Л. Мейер деген зерттеуші жазып алып, 1865 жылы «Киргизская степь Оренбургская края» атты журналға бастырған. Бұл – Қамбар батыр оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстырған аңыз үлгісі. Одан соң 1888 жылы Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» және 1903 жылы Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарық көрген.
Өнер • 17 Тамыз, 2021
Корея кескіндеме көрмесі ашылды
Елордадағы Ұлттық музейде ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығының ұйытқы болуымен Sumukhwa Monologue атты сиямен салынған кескіндеме көрмесі ашылды.
Тарих • 13 Тамыз, 2021
Елбасы кітапханасында қазақ тарихындағы бірегей тұлға – ұлы Абылай ханның қылышының бөлігі сақталған.
Өнер • 12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
Театр • 12 Тамыз, 2021
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы жеткізе білді.
Өнер • 10 Тамыз, 2021
Бас шаһардағы ЭКСПО іскерлік орталығы аумағындағы NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының алаңында шілдеден қыркүйектің соңына дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты бірегей кеңістік ұйымдастырылды. Онда отандық және шетелдік суретшілердің, мүсіншілер мен фотографтардың көрмелері, музыканттардың жанды дауыста орындалған шығармалары ұсынылады.
Өнер • 08 Шілде, 2021
«Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртістері америкалық кинорежиссер, сценарист әрі продюсер, үш мәрте «Оскар» сыйлығының иегері Оливер Стоунның Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы Qazaq – The History of Golden Man фильміне арнап музыка орындады. Фильмнің режиссері – украиналық және америкалық киноиндустрия қайраткері Игорь Лопатёнок, оған арнап музыканы атақты композитор, «Алтын глобус» құрметті марапатының иегері Карло Силиотто жазды.
Сұхбат • 07 Шілде, 2021
Әлемді ар-ұжданы биік адамдар сақтайды
Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаншығармашылық кездесуі аясында Өзбек ұлттықакадемиялық драма театры көрермендерге «Ар-ұждан» спектаклін ұсынды. Өзбек халқыныңталантты драматургі Иззат Султонның өткенғасырдың 60-шы жылдары жазған бұл туындысықазіргі уақытта да маңыздылығын жойған емес. Спектакльдің негізгі идеясы – адам, адам болғанда да оның болмысындағы адалдық пен албырттықарасындағы күресті өзек еткен. Осы орайда біз осы қойылымды сахналаған режиссер, Өзбекстанныңеңбек сіңірген әртісі Марат Азимовпен кездесіп, аз-мұзтілдескен едік.
Сұхбат • 05 Шілде, 2021
Төлеген Мұхамеджанов: Аз уақытта мәдениет ордасына айналды
Ұлттық музыка өнерінде айшықты қолтаңбасы бар белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы Төлеген Мұхамеджанов елорданың алғашқы жылдарында қала әкімінің орынбасары болып, бас шаһардың руханияты мен мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Біз бүгін сол тарихи жылдарға шегініп, әңгіме өрбіттік.