Таным • 10 Мамыр, 2024
Сіз білесіз бе? Тотықұс қанша жасайды?
Бұл сауалға бірден жауап беру қиын. Дегенмен күтімі жақсы болса үй жануарлары ұзақ жасайды. Айталық, төрт түліктің төресі – жылқы 30 жыл тіршілік етсе, ит 15 жылдан артық жасамайды екен.
Қоғам • 06 Мамыр, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Өріс Яшүкірқызының шығармашылық кеші өтті. Кеш аясында жазушының төрт томдық жинағы таныстырылды.
Оқиға • 25 Сәуір, 2024
Біздің ауыл таза қазақы болса да, ішінара өзге ұлт өкілдері де қоныстанған. Олардың бәрі тың игеру жылдары келген. Бала күнімізде қазір алпыстан асқан ағаларымыз солармен жаға жыртысып, талай төбелескенін жыр қылып айтатын. Біз соны ұйып тыңдайтынбыз. Тың игерушілердің дені кейін қайта көшіп кетті. Бес-алты отбасы ғана тұрақтап қалды. Соның бірі – Раяның үйі.
Оқиға • 19 Сәуір, 2024
Шіліңгір шілде. Күн төбеңді тесердей шақырайып тұр. Үй іргесін көлеңкелеп, кітап оқып отырған едім. Бір кезде «Әй» деген қарлыққан дауыс шықты. Жалт қарасам, Жылқыбай ағам. Ашулы. Түрі өрт сөндіргендей.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Өңірлерге 48 «Starlink» жіберілді
Еліміздегі бірқатар өңір су тасқынының зардабын тартып отыр. Бұл табиғи апат Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлар желісінің жұмысына да әсер етті. Қазір 12 елді мекенде базалық стансалар тасымалданатын генератормен жұмыс істейді. Барлық облыста мобильді операторлардың резервінде 300-ден аса генератор бар, оған 234 инженер жұмылдырылды. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда ұялы байланыс операторлары қызу жұмыс үстінде.
Таным • 17 Сәуір, 2024
Ғаламшар ғажаптары: Андромеда галактикасы
Бұл – Жерге жақын галактика. Оны алғаш зерттеп жазған парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфиден «Тұрақты жұлдыз» атты кітабында «Кішкентай бұлт» деп сипаттаған.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Асылтас Қалтенова шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Sana» қосымшасын әзірледі.
Таным • 10 Сәуір, 2024
Ғалам жұмбақтары: Бермуд үштағаны
Бұл үштаған – Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын Бермудтан басталып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жалғасып жатқан үшбұрышты мүйіс.
Таным • 09 Сәуір, 2024
Әлемдегі ерекше жерлер: Мақталы қорған
Бұл – Түркиядағы ерекше көркем жердің бірі. Табиғаттың ғажайып тартуы десе болады. Анталияға жақын орналасқан. «Памуккале» сөзі «Мақталы қорған» деген мағына білдіреді.
Мектеп • 05 Сәуір, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қалалық білім басқармасы ұжымымен кездесіп, білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Кездесуде сала басшысы министрлік тарапынан қабылданған маңызды міндеттерге тоқталды.