Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
430 материал табылды

Өнер • 25 Маусым, 2021

Өзбекәлінің өткір қайшысы

Елордадағы Ұлттық музей қорында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің аңыз болған өткір қайшысы мен бәкісі сақталған.

Өнер • 24 Маусым, 2021

Қаһарманды дәріптеген қойылым

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі драматург Қанат Жүнісовтің «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклін сахналады.

Тарих • 23 Маусым, 2021

Ақынның алтын сағаты

Елордадағы руханият ордаларының бірі Сәкен Сейфуллин музейінің қоры бай. Онда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы тың деректер, зерделі зерттеулер мен жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде келушілер дауылпаз ақынның алтын қалта сағатына қызығып қарайды. Бұл құнды дүниенің өзіндік тарихы да бар.

Өнер • 22 Маусым, 2021

Тамашаға толы театр тойы

Бас шаһардағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Тәуел­сіздігіміздің отыз жылдығы мен астана күніне орай «Елорда – Өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі Жастар театрының «Жібек» мюзикілімен ашылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сахна майталмандарына табыс тіледі.

Өнер • 22 Маусым, 2021

Дала дарабозы

Бас шаһардағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Тәуел­сіздігіміздің отыз жылдығы мен астана күніне орай «Елорда – Өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі Жастар театрының «Жібек» мюзиклімен ашылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сахна майталмандарына табыс тіледі.

Қоғам • 22 Маусым, 2021

Мейірім шуағы

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мейірім: шығармашылық және мейірімділік баспалдақтары» атты балалар шығармашылығының ІІІ инклюзивті музейлік фестивалі өтті.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Аймановтың муралы ашылды

Кейінгі жылдары бас қаланың көркем ажа­рын тұғырлы тұлға­ла­рымыздың айшықты бейнелерін бедерлеген мазмұнды муралдар аша түсті.

Әдебиет • 17 Маусым, 2021

Ел киесіз, жер иесіз қалмасын...

Әдебиетімізге әп дегеннен өз үні, өз тақырыбымен келген жазу­шының бірі, халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Тұрлыбек Мә­месейіт. Қарымды қаламгердің бүгінге дейін бірнеше прозалық жинағы мен әдеби зерттеу еңбектері жарық көрді. Атақты Таңжарық ақын туралы жазған көлемді романы да оқырмандардың ықыласына бөленді. Біз бүгін жазушыдан кейінгі жазған шығармасы жайында сұраған едік.

Өнер • 16 Маусым, 2021

Айтбаевтың «Бақыты»

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұлттық бейнелеу өнеріне теңіздей буырқанған талантты бір буын келді. Осы буынға өнертанушылар «Қатаң стиль» өкілдері деп баға берген. Сол  үркердей шоғырдың ішінде дарынды қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың  ешкімге  ұқсамайтын қолтаңбасы анық байқалды. Әсіресе, автордың 1966 жылы салған «Бақыт» деген картинасы  бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жұрттың көңілінен шықты. Бұл кезең кеңестік дәуірдің дүбірлеп тұрған шағы болғандықтан,  қазақтың биік болмысын бедерлеген  туынды  «Молодая гвардия» журналында сыналып, авторға «ұлтшыл, түрікшіл» деген айып тағылды.

Өнер • 10 Маусым, 2021

Мергенов мүсіндері

Сіз Қазақстанның халық суретшісі, қайталанбас талант иесі Еркін Мергеновтің мүсіндерін көрдіңіз бе? Көрсеңіз, ғажа­йып бір күйге бөленіп, шынайы өнердің үлгісін көрер едіңіз.