Аймақтар • 02 Шілде, 2018
Ақтөбеден аттанған автокеруен Астанаға жетті
Ақтөбе аймағында Елорданың 20 жылдығы құрметіне орай 3 мыңға жуық іс-шара ұйымдастыру көзделген. Бұлар негізінен тақырыптық конференциялар мен симпозиумдар, спорттық бәсекелер мен өнер жұлдыздарының концерттері. Мұның сыртында «20 игі іс» деген тақырыппен өткізілген қайырымдылық шаралары жасы ұлғайған және мүмкіндігі шектеулі жандарға, табысы аз көп балалы отбасыларға моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуге бағытталды.
• 02 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy»-на барды
Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 02 Шілде, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді
Мемлекет басшысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 02 Шілде, 2018
Атырауда облыс әкімі жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан келіп, біліктілігін арттыру мақсатында даярлық курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерге «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 02 Шілде, 2018
ШҚО-да сәбилерге домбыра сыйлады
«Ұлттық домбыра күні» Өскеменде өзгеше атап өтілді. Өзгешелігі сол, бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының ұйымдастыруымен шаһардағы перзентханаларда өмір есігін ашқан нәрестелерге қазақтың киелі аспабы домбыра тарту етілді.
Аймақтар • 02 Шілде, 2018
Қостанайда Ұлттық домбыра күні мерекесін «Домбыра-думан» концерті қорытындылады
Қостанай қаласының іргесінен ағатын Тобыл өзенінің бір қойнауынан өткен жылы салынып, пайдалануға берген Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы демалыс паркінде Ұлттық домбыра күні мерекесінің құрметіне Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Домбыра-думан» атты концерт өтті. Оған облыс өңіріндегі домбырашылар мен дәстүрлі әншілер, өнер ұжымдары қатысты. Кешке қарай өткен концертте ашық аспан астындағы амфитеатрда ине шаншар орын болған жоқ. Қоңыр домбыраның шанағынан төгілген күй мен күміс көмей әншілердің әні құлақ құрышын қандырды.
Бизнес • 02 Шілде, 2018
Ертең Астанада Қазақстан-Татарстан бизнес-форумы өтеді
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 3 шілде күні Астана қаласындағы «Mariott» отелінде Қазақстан және Татарстан республикаларының бизнес-форумын өткізеді.
Өнер • 02 Шілде, 2018
Карикатура – астарлы сөз, ұтымды ой
Ұлттық академиялық кітапханада «Егемен Қазақстан» газеті жариялаған карикатура байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер, ғалымдар, сондай-ақ сатира жанрының сардарлары қатысты.
Қазақстан • 02 Шілде, 2018
Қиял әлеміне жетелейтін картиналар
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елордадағы Ұлттық музейде «Поль Серюзье және Бретань: аңыздардың сиқыры» атты көрме ашылды.
Футбол • 02 Шілде, 2018
Роналду мен Месси мундиальмен қоштасты
Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плэй-офф сатысы да басталып кетті. Біріншілік біткенше ойналатын 16 ойын бірінен бірі өткен тартысты болары хақ. Ал сол өтпелі ойындардың алғашқылары аяқталып, күллі әлемнің аузында жүрген аңыз ойыншылар мундиальмен қоштасып та үлгерді.