Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Футбол • 27 Маусым, 2018

Алғашқы қарсыластар анықталды

3-тур ойындары басталғалы бері әлем чемпионатының есеп-қисабы да көбейе түсті. Әр команда өзіне лайықты қарсыласты таңдап, ойындарын аса ыждаһаттылықпен өткізсе, кейбір ұжымдар келесі кезеңге өтуді армандап жүр. Сонымен плей-оффта кімдер қарсылас атануы мүмкін. 

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Мерейлі отбасы: Шуағы мол шаңырақ

Қармақшы – дариясынан жыр, топырағынан сыр өрілген киелі мекен. Кешегісіне бүгінін, бүгініне болашағын жалғаған қасиетті өңір әулие-әмбиелерімен, ақын-жырауларымен қатар атпал азаматтар, тау тұлғалар, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін дүниеге әкелген шырайлы өлке. Біз әдетте жақсы мен жайсаңдарды өткен заман еншісінен іздеп, олар туралы жазылған деректермен танысқанда таң-тамаша қаламыз. Ал дәл сондай адамдар бүгінде арамызда да аз емес. Өнегелі жанның бірі, 1938 жылы 13 маусым күні қысы қысқа болса да қатал, жазы жауынсыз ыстық төрткүл дүниеге мәлім Байқоңыр ғарыш айлағына жақын Сырдың Қараөзекпен қайта табысар тұсындағы Иіркөлдің жағасында дүние есігін ашып, ақжолтай бала атанған Исағали Жұмағұлов.  

Әдебиет • 27 Маусым, 2018

Ойласу: Қазақтың әжелері-ай!

Әже дегенде – көз алдыңа бұтағы сала-сала, жасыл жапырағы жайнаған, төңірегі текемет түріндей алып бәйтерек келеді. Түбіндегі білеу-білеу, жуан-жіңішке алақан секілді тамырдан күн шуағындай шалқыған күлкіні, әдемі тірлікті көргендей боласың.

Тарих • 27 Маусым, 2018

Журналист жазбалары: Шіркін, біздің «Жетісу»!

Бір ғасырлық жасы бар аға газеттің оқырмандарымен сырласқан сол бір сәттер, аяулы уақыт мезгілдері сағынышпен еске түседі. Шіркін!.. Көкбазардың түбінде көк шынымен көмкерілген 9 қабатты еңселі «Баспа үйінің» алтыншы қабатының күншығысында облыстық «Жетісу» газетінің редакциясы, ортасында орыс тілді «Огни Алатау», батыс бөлігін республикалық «Қазақстан пионері» газетінің редакциясы алып жататын. Көз талдыратын ұзын-сонар дәлізде екі жерден қойылған қос-қос лифті күндіз-түні, жоғары-төмен тынбай жүріп тұрушы еді. Бұл лифтіге кімдер мініп-түспеді, бұл лифтімен кімдер жүрмеді?! Қазақстанның төрт бұрышына тарайтын барлық газет-журналды шығаратын тілші-тілмашыңыз, журналист-жазушыңыз осы ғимаратта көз майын тауысып еңбек етті... 

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Жанар Мамағұлова: Инновациялар бизнес мүддесінде

Бизнесті ашуға және жұмыс істеуіне байланысты рәсімдерді жеңілдету Қазақстанның мемлекеттік органдарының қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Бағдарламалар • 27 Маусым, 2018

Олег Смоляков: Ұлттық Банк «7 – 20 – 25» бағдар­ла­ма­сын түсін­діру жұмыстарын жүр­гізуде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «7 – 20 – 25» ипо­текалық мемлекеттік бағ­дар­ла­масы көптеген қазақ­ста­н­дық­қа меншікті тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы нарығына ынталандырушы әсер етеді.

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Астана 20: Қуатты әскери техника – ел қауіпсіздігінің кепілі

Қандай да бір мемлекеттің қарулы күштерінің бес қаруын сайлағанын «Тентек – шоқпар жиядының» кері деп қабылдау қателік болар еді. Әскери техника бірінші кезекте, мемлекеттің айбынын асыратын күшті құрал. Сонымен қатар ол – тетігін таба білгендер үшін үлкен бизнес, мол табыс көзі. Бабалары садақпен зеңбірекке қарсы шапқан қазақтың бүгінгі ұрпағы қуатты әскери техниканың қаншалықты маңызды екенін жақсы білері хақ. Осы орайда, біз елордадағы ең ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытының бронды көліктері туралы сөз қозғамақпыз.

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Үкіметте онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарлар таныстырылды

Кеше Үкімет отырысында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарлар таныстырылып, кәсіпкерлік қыз­метті реттеуді жетіл­ді­ру туралы заңды іске асыру шаралары және Астана агломерациясын іске асыру барысы талқыланды.  

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Ғарыш музейі ашылады

Кезінде Қазақ елі­нің астанасы болған Қызыл­ор­да қаласы да биыл ел­орданың 20 жыл­ды­ғы­мен орайлас 200 жылдық ме­рейтойын атап өткелі жатыр. Арқа төсінде бас­тал­ған дүбірлі той Сыр елін­дегі мерекелік шарал­ар­ға ұласады. 

Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Астанаға келген сайын бір жаңалықты көремін - Олег Сосковец

Астанаға – 20 жыл. Осы мерейлі күн қарсаңында уақыттың жүй­рік­тігіне – онжылдықтардың көз ілес­пес жылдамдықпен зымырап өт­кен­­дігіне, оған қоса осы уақытта Нұр­сұлтан Назарбаевтың еңбегімен, күш-қуатымен және ерекше дарыны ар­­қы­лы қыруар жұмыстың істелгеніне таң­данысымды жасырмаймын.

Яндекс.Метрика