Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Шүкіршілік. Астана – тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Астанасы, Елордасы, Орталығы болғалы бері, әсіресе ол өзінің астаналық миссиясына сай іргетасы қаланып, аяғынан нық тұрып, шаңырағы көтеріліп, жаңа жарқын келбеті жаһанға жария болып, алдымен өз еліміздің көзі жетіп, көңілі орнығып, ендігі кезекте әлем танып, мойындалуы да кәдімгі үйреншікті, қалыпты жағдай болып келеді. Әрине бұл жақсылық. Қай жағынан келсеңіз де, Астананың бой көтеруі – ұлтымыздың өсуінің, өркендеуінің көрінісі.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы Қызылжар өңірінде де кең қанат жайып, жұртшылық асыға күтетін тағылымды дәстүрге айналды.
Әдебиет • 25 Маусым, 2018
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық тойы ақынның туған жерінен басталды
Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстаннан, еліміздің әр қиырынан жиналған арнайы делегациялар мен құрметті меймандар шоқ-шоқ қайыңдар баурайында жағалай тігілген ақ шаңқан киіз үйлер мен этноауылға тамсана көз тастап, Мағжан рухын сезінгендей болды. Осындағы салтанатты рәсімді облыс әкімі Құмар Ақсақалов кіріспе сөзбен ашып, Мемлекет басшысының мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Өкінішке қарай, әлі де көп адам ақшаға барлығын сатып алуға болады деп санап, осы ұстанымды басшылыққа алып өмір сүреді. Бұған кейбіреулерді пара алу үшін тәуекелге баруға итермелейтін жалақының мардымсыздығы, сондай-ақ азаматтарымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілікте жемқорлық көріністеріне куә бола жүріп, оған көз жұма қарауы да әсер етпей қоймайды.
Әлем • 24 Маусым, 2018
Түркияда президент және парламент сайлауы өтті
Түркияда мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өтті. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, ел аумағындағы сайлау учаскелері жексенбі күні таңғы сағат сегізде түгел ашылды, ал шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс беріп қойған.
Қазақстан • 24 Маусым, 2018
Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтті
Алматыдағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде екі күн қатарынан салтанат құрған айтулы шараға әлемнің он екі мемлекетінен келген әйгілі этно музыканттар мен танымал спортшылар қатысты. Шараға мұрындық болған Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері биылғы фестиваль Астананың 20 жылдығына орайластырылып отырғанын айтады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2018
Төтенше жағдай қызметіне 28 көлік берілді
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті су жаңа 28 техникаға ие болды. Бұлардың бәрі де арнайы дайындалған, жол талғамайтын, төтенше жағдай кезінде халыққа дер кезнде көмек көрсетуге арналған көліктер.
Қазақстан • 24 Маусым, 2018
Мағжанның 125 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде кеңінен атап өтілді
125 жылдық мерейтой қарсаңында түркітілдес мемлекеттер бойынша «Мағжан Жұмабаев жылы» жарияланды. Алдымен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бастамашылдығымен айтулы іс-шара Түркияда бастау алып, зор құрмет көрсетілді. Одан кейін халықаралық Түркі академиясының тікелей атсалысуымен Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: түркі тілі–өткеннен келешеккке» атты танымдық форум ұйымдастырылып, Еуропа төрінде ұлықталды.
Қазақстан • 24 Маусым, 2018
Жапониядағы жер сілкінісінен 7 мыңға жуық ғимарат қираған
Жапонияның Осака префектурасында 18 маусымда болған жер сілкінісі салдарынан 7 мыңға жуық тұрғын үй мен шаруашылық құрылымдары зақымданған, деп хабарлайды NHK.
Қазақстан • 24 Маусым, 2018
Өмірзақ Шөкеев «Қаскелең» агропаркі пилоттық жобасының жұмысымен танысты
АӨК-ті цифрландыру аясында «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында «Нақты егіншілікті дамыту үшін инновациялық агротехнологиялық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылған болатын және оның жүзеге асыру жұмыстарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев танысты, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.