Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 23 Маусым, 2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантымен емдеу орталығы бой көтерді

Өткен жылдың күзінде газетімізде «Мәртөкте марал өсіріледі» деген тақырыппен материал жарияланып, кәсіп иелері Ертарғын мен Бану Тілегеновтер Шығыс Қазақстаннан 150 бас маралды сатып алып, еліміздің батыс өңірінің табиғи-климаттық жағдайына бейімдеу мен жерсіндіру жұмыстарына кіріскені жөнінде жазылды.

Аймақтар • 23 Маусым, 2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды - Полиция күні деп бекітті. Осы жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі түрле 23 маусымда ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов. 

Қазақстан • 23 Маусым, 2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

Бүгін Қазақстанда бесінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды.

Аймақтар • 23 Маусым, 2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

Қызылжарда Алаштың арқалы ақыны Мағжанға еңселі ескерткіш орнатылды.

Қазақстан • 23 Маусым, 2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

Бобровка тұрғындарының біразы әлі де болса қонақ үйлерде, туған-туыстарының үйінде тұрып жатыр. Себебі кейбірінің үйлері түбегейлі жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта 134 үй қайтадан қалыпқа келтірілуде. 

Қазақстан • 23 Маусым, 2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

ҚР СІМ-де Министрдің орынбасары Ержан Ашықбаевтың Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуі өтті. 

Аймақтар • 22 Маусым, 2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілерді және ішкі істер органдары мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттады. Бейресми шараға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, партия ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 12-ші отырысы аясында Қазақстан мен Ресей парламенттері жоғарғы палаталарының делегациялары Алтай өлкесіндегі Белокуриха қаласында кездесу өткізді, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. 

Ауыр атлетика • 22 Маусым, 2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

Азия ауыр атлетика федерациясының атқару комитетінің отырысында Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ел аумағында 2020 жылғы құрлықтық чемпионатты өткізу туралы ниетін растады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Аймақтар • 22 Маусым, 2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында партиялық тыңдау отырысын өткізді. Отырысқа Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат қызметкерлері қатысты.

Яндекс.Метрика