Үкімет • 22 Маусым, 2018
Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді
ҚР Премьер -Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 22 Маусым, 2018
Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды
Бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Босния және Герцеговинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Мустафа Муезиновичтен, Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Эфрен Арнольдо Берналь Чевезден, Нигерия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Ибрахим Хамзаттан сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 22 Маусым, 2018
1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет 23-25 маусым аралығына ауа райы болжамын жария етті.
Президент • 22 Маусым, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес
Толеранттылық пен төзімділік арасындағы айырмашылық қандай? Дәл осы сауалға Президент телерадио кешені таратқан видео материалда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жауап берді.
Аймақтар • 22 Маусым, 2018
Түркістан облысының орталығына жаңа әкім тағайындалды
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Түркістан қалалық мәслихатының келісімімен Түркістан қаласы әкімі лауазымына Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Облыс басшысы қала активін облыс орталығы болып Түркістан қаласының бекітілуімен құттықтап, шаһар басшысын таныстырды.
Парламент • 22 Маусым, 2018
Балаларды қорғаудың құқықтық тетігі қабылданды
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында сенаторлар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің бірлесе отырып Қорғас трансшекаралық өзенінде сел ұстайтын бөгет салуына мүмкіндік беретін келісімді құптады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Саланы жаңғыртуға жол ашқан Жолдау
Биылғы маусым айында Қазақстан полициясының қалыптасқанына 26 жыл толады. Тарихи өлшеммен алып қарағанда, 26 жыл аса көп уақыт емес. Дегенмен, осы қысқа мерзім ішінде біз талай биік белестерді бағындырып, ішкі істер саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар реформаны сәтімен жүзеге асырдық. Бұл реформалардың бәрі елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған еді.
Медицина • 22 Маусым, 2018
Астанада Қазақстан кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Қазіргі әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанның теориясы мен іс-тәжірибесі» атты конференция өтті. Жиынға қатысқан белгілі экономистер, сарапшылар, заңгерлер еліміздегі еңбек қатынастары, жұмыспен қаму және еңбек дауларын шешу секілді сан-салалы мәселелерді талқылады.