Бокс • 22 Маусым, 2018
Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігіне 9 қазақстандық қатысады
20-31 тамыз аралығында Венгрияның бас шаһары Будапеште бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, осы жарыста ел намысын 9 былғары қолғап шебері қорғайды. Олар – Махмуд Сабырхан (49 кило), Бейбарс Жексен (56 кило), Рахат Сейітжанов (60 кило), Талғат Шәйкен (64 кило), Ермахан Жақпеков (69 кило), Нұрбек Оралбай (75 кило), Сағындық Туғамбаев (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+ 91 кило).
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Көңіл толтыратын көрсеткіштер көп
Елордада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, онда жұртшылық мәдениет, өнер, спорт, тілдердің дамуы, және туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарға министрден тікелей жауап алды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Кеше Астанада Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның Мемлекет басшысының тапсырмасына сай атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспармен бөлісті.
Театр • 22 Маусым, 2018
Қашанда өз ұлтының, төл жұртының мұң-мүддесі тұрғысынан ой толғап, сыр суыртпақтайтын шығармалардың шыңырауында кісіні ерекше мөлдір сезімге жетелейтін алапат бір ағыстың айрықша күшіне жолығасыз. Бұл орайда халықтың қам-қайғысын, қадір-қасиетін шынайы бедерлеп, шығармашылығының басты арқауына айналдырған жандардың еңбегі туралы әңгіме қозғағанда халықтық қалпымыз бен салтымызға деген адалдықтың әркез алдымыздан жиі орағытып шығып отыратыны бекер болмаса керек-ті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қоюшы-режиссері Болат ҰЗАҚОВПЕН болған сұхбатта сахнадағы кісілік кескін-келбет пен түр-тұрпат жайындағы ойлар ортаға салынады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері мәресіне жетті
Астананы жыр-думанға бөлеген Түркістан облысының мәдени күндерінің нүктесі өткен сәрсенбінің сәтінде қойылды.
Әлем • 22 Маусым, 2018
Әлем • 22 Маусым, 2018
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданды
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданып, жаңа фазаға ауысты. Саясаттан гөрі сауданы маңыздырақ көретін АҚШ-тың бизнес қауымдастығының өкілі саналатын президент Дональд Трамп өткен аптада отандас өнеркәсіпшілерінің мүддесін қорғау мақсатымен АҚШ-қа енгізілетін Қытай тауарларына 25 пайыздық баж салығын арттыру туралы шешімге қайта оралып, ақыры оған қол қойды. Сөйтіп Америка бюджет түсімін 50 млрд долларға арттыруды да көздеп отыр.
Аймақтар • 22 Маусым, 2018
Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде
Бүгінде республикалық экспедиция құрамындағы археологтар Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде. Оқу жылы аяқталысымен осы сапқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері де қосылды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Түркияда осы жексенбіде Президент және Парламент сайлауы болады. Тарихы тамырлас, туысқан елдің аса маңызды саяси науқанды сәтті өткізуіне тілектестігімізді білдіре отырып, біз Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мәуліт ЧАУЫШОҒЛУМЕН елдеріміздің арасындағы екіжақты байланыстар мен Астана қаласы турасында өрбіген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.