Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Туристік қызмет көрсету шарты – сенімді демалыстың кепілі
Жазғы демалысты дұрыс пайдаланып, алыс-жақын шетелдерге туристік сапармен барып, сәтті демалғанға не жетсін. Осыған орай жыл сайын қазақстандықтар шетелге туристік сапармен ағылып жатады. Бірақ кейде отандастарымыз күтпеген жағдайға тап болып, туристік сапарда кездескен түрлі келеңсіздіктен демалыс шырқы бұзылады. Оның басты себебі, туристік қызмет көрсету барысының ойдағыдай ұйымдастырылмауынан туындайды. Мұндай жағдайда демалыстың сәтті өтуіне не кепілдік бола алады? Бүгінгі бұл сұрағымызға адвокат Сейфулла Шыңғыс жауап береді.
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
«Ақылды кеніш» жобасы «Алтын Гефест» байқауында үздік атанды
Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) «Алтын Гефест» республикалық байқауының лауреаты атанды. Байқау қорытындысы Астана мерейтойының құрметіне 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында шығарылған болатын.
Өнер • 22 Маусым, 2018
Алматы музейінде суретші Жұмат Әнесұлының жеке сурет көрмесі ашылды
Суретші – сусыған уақытты, тарихтың бір сәтін қылқалам құдіретімен тоқтатқан шебер. Көзімен көргенді жүректен өткізіп, көрерменге ұсынады. Сондай ерекше жандардың бірі – суретші Жұмат Әнесұлының «Алматы және оның аңыз адамдары» атты жеке сурет көрмесі Алматы музейінде ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің пейзаж, портрет, натюрморт, кескіндеме жанрларында жазылған 50-ден астам туындысы қойылған.
Аймақтар • 22 Маусым, 2018
Тараздағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ қайта жаңғыртылады
Бүгінде Әулиеата жерінде саябақтарды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Нақты айтсақ, осы уақытқа дейін Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртудан өтіп, Жеңіс мерекесі қарсаңында ел игілігіне берілген болатын.
Медицина • 22 Маусым, 2018
Сәті түсіп Сарыағашқа бара қалсаңыз, Ташкентте пісіп жатқан палаудың иісі мұрныңызға келеді. Себебі екі қаланың арасы таяқ тастам жер ғой. Былайша айтқанда, «тиіп тұр» десек те болады.
Футбол • 22 Маусым, 2018
Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі доданың басталғанына да бірнеше күн өтті. Топтық кезеңнің бірінші туры аяқталып, үздіктері көшбасшы орындарға жайғасты. Солардың бірі – Бельгия ұлттық құрамасы алғашқы ойынын сәтті өткізгені белгілі. Ал әрі қарай жағдай қалай өрбуі мүмкін?! Эден Азар бастаған құраманың қауқары қандай? Біз осы туралы сөз қозғайтын боламыз.
Футбол • 22 Маусым, 2018
ӘЧ-2018: Жапония-Колумбия ойынын 36 миллион адам тамашалады
Бәсі қызып тұрған футболдың басты біріншілігінде көш бастаған құрамалардың есімдері белгілі бола бастады. Плей-офф сатысына өткен командалар белгілі. Уругвай мен жарыс қожайыны Ресей өз қарсыластарын күтеді. Жақын арада бұл тізімге тағы да екі команда қосылуы тиіс.
Медицина • 22 Маусым, 2018
Робот техникасы қазақстандық кәсібилер мектебі қалыптасуда
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында адами капиталды қалыптастыру үшін білім беру ісінде қазақстандық озық жүйені құруды жеделдету қажеттігін тапсырғаны мәлім. Бұл аяда елімізде робот техникасы бойынша балалардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Халықаралық робот техникасы федерациясының мәліметінше, бүгінде әлемде 1,1 млн робот қызмет көрсетуде.
Әлем • 22 Маусым, 2018
Жаһан жаңалықтары. Иранда стадионға қыздардың кіруіне рұқсат етілді
Иран билігі 1979 жылдан кейін алғаш рет нәзік жандылардың ер адамдармен бірге стадионда футбол көруіне рұқсат берді.
Білім • 22 Маусым, 2018
Астанада робот техникасы бойынша байқау жеңімпаздары анықталды
Кеше Астанадағы Назарбаев орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Тұңғыш Президент – Елбасы қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, «KazRoboProject-2018» робот техникасы бойынша ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды.