Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Қазақ қыздарына арналған музей беделді Халықаралық ұйымға мүше болды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі.

Бокс • 15 Маусым, 2018

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді

Өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрмеуі шешілмей, ортақ бір мәмілеге келе алмай жатқан орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) ұзақ уақыт келіссөзден соң ақыры ымыраға келіп, араға жыл салып екінші рет жекпе-жек өткізуге уағдаласты.

Футбол • 15 Маусым, 2018

Жасыл алаңда – «Жасыл бүркіттер»

Футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімінен соң бірқатар футбол мамандары «D» тобына ең мықты құрамалар жиналғанын айтып жатты. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл топтағы барлық команда – плей-офф кезеңіне өтуге лайық құрамалар. Топтан шығу үшін жұлдызды Аргентина, дегенінен қайтпайтын Исландия, жаралы Хорватия және күліп жүріп жеңіске жететін Нигерия құрамалары сынға түседі.

Футбол • 15 Маусым, 2018

Ресейге Ельцин келе жатыр...

Өткен чемпионаттың тартысын қыздырып, төрт жылдықтың басты сенсациясына баланған Коста-Рика құрамасы бұл жолы да сайланып отыр. 2014 жылы олар ширек финалға дейін жетсе, биыл одан әріге барамыз деп мақсат қойды. Қайта-қайта батпан құйрық бұларға қайдан болсын деп ойлағандарға қарсы айтар уәжіміз бар. Сонымен қатар бұл командада Ельцин есімді футболшы өнер көрсетеді.

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

SANTO компаниясы «Өмір ырғағы» атты скринингтер сериясын өткізді

Дәстүр бойынша мамыр айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік күретамыр гипертониясы күні атап өтіледі. Дәрігерлер «білдірмей алатын ауру» деп ат қойған бұл дерттің алдын алу мақсатында SANTO компаниясы еліміздің бірқатар қалаларында «Өмір ырғағы» атты жедел скринингтер сериясын өткізді. Бұл акция Орал қаласында мәреге жетті.

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Ядролық медицина қатерлі ісіктен арашалайды

Молекулалардың ыдырауы­ туралы теория қа­зіргі кезде оқулық аясы­нан шығып, заманауи ғы­лымда еркін қол­даныла бастағаны соншалық, адам ағзасын терең тану­да да көмекке келуде. Яғни, жа­һандық денсаулық жүйе­сін­дегі озық үлгілер емделуі қиынға соғатын күрделі ауру­лармен күресте көзіміз же­те бермейтін беймәлім, түсі­ніксіз, жа­сушалардың молекуласы деңгейінде бетбұрыс жасау­ды стратегиялық межеге айналдырып отыр.

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

БҰҰ миссияларына қазақстандық 40 әскери қызметші жіберіледі

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында  Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына Қазақстанның әскери қызметшілерін жіберу туралы ұсынысын жариялады.  

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Астананың үздік дәрігерлері марапатталды

Кеше «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы және Астананың 20 жылдығы аясында Бейбітшілік және келісім сарайында елорданың ең үздік дәрігерлеріне тұңғыш рет тағайындалған «ALTYN SHIPAGER» сыйлығы салтанатты түрде табыс етілді.

Аймақтар • 15 Маусым, 2018

Алматы облысының үздік медицина қызметкеріне 1 миллион теңге берілді

«Бірінші байлық - денсаулық» деген ұлғатты сөздің аясына жан мен тән амандығы ғана емес, міндеттеріне адал маман - дәрігерлерге деген құрмет пен мадақ та кіретін болса керек. Өйткені, «басы ауырып, балтыры сыздаған» науқастың дертіне шипа іздеп баратын жері осы қолы емсек жандардың алды екені анық. Ал дәрігердің міндеті тек емдеу ғана емес, түрлі кеспаттың алдын алу, індеттің жолы кесу сияқты жауапты жұмыстан тұрады.

Яндекс.Метрика