Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Бес жасар Рақымжан Қошқарбаев

Рақымжан – отбасында екі апасының соңынан ерген ұл. Қазақ сағындырып келген ұл баланы еркелетіп өсіретіні белгілі, алайда Рақымжан есі шыққан ерке, шектен шыққан тентек емес, ақылды бала. 

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Ерлік ескірмейді

Сұрапыл соғысқа Атырау аймағынан 43 мыңға жуық адам аттанған. 15 364-і сол күйі оралмады. Майдангерлер тұтынған бұйымдар, фотосуреттер мен құжаттар облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. 

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Соғыста жеті орден алған қазақ

Екінші дүниежүзілік соғыс­та отандас­тарымыз, ерліктің ерен үлгісін көрсет­ке­нін жақ­сы білеміз. Бірақ аласа­пыран болып жататын соғыс жағ­­дайында қазақтардың көп ер­лігі ескерілмей, кейде тіпті тиіс­ті мара­паттары басқа­лар­дың қан­жы­­ғасында кетіп жатқан жайлар да жиі болғанын естігенбіз. Ал біз бүгін әңгіме еткелі отыр­ған Қабдолла Көшербаев аға­мыз, құдайға шүкір дейік, өзінің жаса­ған ерліктерінің бәріне тиісті марапаттарын түгел алған екен.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтардың мәселесі де өзекті

Депутаттардың аймақтарға ісса­парларында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының аумағында тұ­рақ­ты тұратын шетелдік аза­маттар мен азаматтығы жоқ­тар ке­піл­дендірілген тегін меди­ци­налық кө­м­ек және қазір барынша кең та­ралған онкологиялық ауру мен қант диабеті бойынша берілетін тегін дәрілер туралы көп сұрайды.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жыл­дың 31 қаңтарындағы «Қа­зақ­­станның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Жол­да­у­ында берілген тапсыр­ма­ларға сәйкес, 2017 жылдан бері «Баршаға арналған те­гін кәсіптік-техникалық бі­лім беру» бағдарламасы іске асы­рылып келеді. Бұл жас­тар­дың жұмысшы кәсіп­те­рін игеріп, жұмысқа тұру­ы­на жағ­дай жасаған шын мә­нін­дегі көреген әрі ауқымды бағ­дарлама болды.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Ауылды дамытпасақ, артта қаламыз

Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын халық жақсы қабылдап, өздері­нің көптен бергі зар мәселесін шешуге бағыт­талғандықтан оларды құп алып жатыр. Бас­пана алу, қосымша білім беру гранттарына ие болу, осы заманғы инфрақұрылымдарға қол жет­кізу, жеке кәсіптерді ашуды қолдау сияқты әлеуметтік әділеттікке бағытталғандықтан олар халықтың жүрегінен жол табуда.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Шалқар көлінің жағдайы алаңдатады

Әлем елдерінің арасында көлемі жағынан тоғызыншы орын иеленген кең-байтақ жеріміз айдын көлдер мен сарқырай аққан өзендерге бай. Соның ішінде Ақтөбе облысының аумағында Арал экологиялық дағдарысынан зардап шеккен аймақтың ауа райына қолайлы әсерін тигізетін ерекше су айдыны Шалқар көлі орналасқан. Алайда қазіргі таңда осы ерекше су айдынының апат алдында тұрғаны өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Құтқару қызметін жекешелендіру тиімсіз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Инвестициялар және даму министрлігі «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорын басымдылық тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктер тізбесіне енгізді.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Астана медицина университетінің студенттері ҰОС ардагерлерімен кездесті

Астана медицина университетінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған тағылымды іс-шара өтті.

Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Сұрапыл соғыс сыны

Адамзат тарихында бұ­рын-соңды болып көр­меген қырғын соғыстың аяқ­талғанына да 73 жылдың жүзі болыпты. 

Яндекс.Метрика