Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Өнер • 30 Сәуір, 2018

Қарағандыда қайырымды суретшінің көрмесі өтті

«Мен бала кезімнен өзімнің жеке көрмемді өткізуді армандадым. Міне, енді сол арма­ныма жеттім. Мені әрдайым қолдап жүретін анама алғы­сымды білдіргім келеді. Мұра­жай әкімшілігіне және келген қонақтардың барлығына рақмет айтамын», деді суретші Еркебұлан Молдабеков.

Әлем • 30 Сәуір, 2018

Қарыштай бер, Қазақстан!

Ел газеті «Егемен» Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан – шетелдік фотографтар көзімен» деп аталатын жаңа айдарды бастады. Бұл айдарда Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған халықаралық PHOTO fest.kz фестиваліне қатысқан, Қазақстанның көркем келбетін, ұлттық салт-дәстүрін, халқы мен табиғатын бірегей фотосуреттермен айшықтаған фотографтарды жұртшылықпен таныстыру мақсатында олардың маңдайалды жұмыстарына басылым бетінен орын ұсынып отырмыз. Заманауи сипатта, жаңаша тұрпатта түсірілген бұл туындылар оқырман көңілінен шығады деген ойдамыз.

Хоккей • 30 Сәуір, 2018

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары топқа жолы болмады

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатының соңғы матчында Польша құрамасын 6:1 есебімен жеңгенімен, екінші жыл қатарынан ТОП дивизионға жолдама ала алмады.

Бокс • 30 Сәуір, 2018

Елеусіновтің екпінді жеңісі

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы тұңғыш жекпе-жегін сәтті бастады. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан «Барклайс» аренасында өткен кездесуде отандасымыз америкалық боксшы Ноа Киддті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Күрес • 30 Сәуір, 2018

Әбу-Дабиде өткен әлем біріншілігінде Жібек Құлымбетова чемпион атанды

Газетіміздің өткен сандарының бірінде «Жігітті жеңген Жібек» деген тақырыппен джиу-джитсумен айналысуды жастайынан жанына серік еткен алматылық мектеп оқушысы Жібек Құлымбетованың ер балалар арасындағы халықаралық турнирге қатысып, жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Күрес • 30 Сәуір, 2018

Жақсылықтың жан сыры

Алаштың абыройлы азаматы, даңқты балуан, Мәскеу олимпиадасының чемпионы, бүгінде бедел биігіне көтерілген көрнекті тұлға, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті көптен бері білуші едім. Ол туралы қалам тартып жүргенім тағы бар. Жайсаң ағаның жан сырындай төмендегі мөлтек әңгімелерді «Егемен Қазақстан» оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдім.

Өнер • 30 Сәуір, 2018

Суретшілер одағының кезекті ХVІІІ құрылтайы өтті

Алматыда еліміздегі ең байырғы шығармашылық одақтардың бірі – 85 жылдық тарихы бар Қазақстан Суретшілер одағының кезекті ХVІІІ құрылтайы өтті. Қазақстандағы суретшілер мен өнертанушылардың басын біріктіретін одақтың 1100 мүшесі бар және облыс­тарда 17 бөлімшесі жұмыс істейді. Құрылтайдың ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әділ Жоламанов қатысып, төрт жылда бір рет өтетін өнер шеберлерінің маңызды шарасының жұмысына сәттілік тіледі. 

Өнер • 30 Сәуір, 2018

Еліміздің «ең басты дәрігері»

– Алло, Юрий Борисович, сәлемет­сіз бе? Мереке қар­саңында сізбен «Біздің сүйік­ті дәрігер» фильмі туралы сөйлеспек едім. Нағыз ұлт­тар арасындағы достықты, татулық пен бірлікті бәріміз сол фильмнен көріп өстік. Теле­дидардан көрсете қалса, әлі күнге телміре қаламыз. Сіздің жаны­ңыздағы шоқ­жұл­дыздардың – Серке Қожам­құлов, Мүлік Сүртібаев, Ер­мек Серкебаев секілді қазаққа аяу­лы бейнелердің жайнаң қаққан жарқын жүзі бізге соншама ыстық. Сол кезіңізді еске алып, біздің газетке сұхбат бере аласыз ба?  – Жақсы, жақсы. Бұл тамаша идея екен. Бірақ бүгін мен «Однажды в Глос­тере» деген спектакльде ойнайтын едім. Дәл қазір репетицияға кетіп бара­мын, кешке сахнаға шығамын. Қа­лыпқа келуім үшін жоқ дегенде жар­ты күн уақыт қажет. Сіз маған ертең түскі сағат 13.00-де телефон соғыңыз ... 

Әдебиет • 30 Сәуір, 2018

Бір қайыры бар дүние

ЭКСПО-2017 • 30 Сәуір, 2018

Ұстаздар «Нұр Әлем» мұражайында ашық сабақ өткізуде

Биылдан бастап ұстаздар «Нұр Әлем» болашақтың энергиясы мұражайы қабырғасында ашық сабақ өткізуде. Яғни студенттер мен оқушылар қауымына дәл осы мұражайдың арнайы жабдықталған лекциялық аудиториясында дәріс тыңдап, танымын көрме экспонаттарымен кеңейтуге мүмкіндік туып отыр.

Яндекс.Метрика