Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Бағдарламалар • 23 Сәуір, 2018

Уильям Томпсон: Елбасы Үндеуі – игіліктер бастамасы

Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасының астары­на үңілсек, ол тікелей ха­лық­тың әл-ауқатын жақсар­туға бағытталған. Бұл жоспар орын­далғаннан кейін жұрт­шы­лықтың тұрмысы түзеліп сала беретіндігіне сенемін.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

100 оқулық: Зиялы ұрпақ тәрбиелеуге талпыныс

«Алдымен – адам, сосын – маман» деген сөз бар. Адам капиталын дамыту үшін білікті маман болу аз, ол алдымен адамгершілігі мол, рухани бай, «кеудесі алтын сандық» адам болуы тиіс. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» деген болатын. 

Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше

Елбасы Н.Назарбаев «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық ма­қала­сында елімізге инженерлер мен дәрі­герлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажеттігін, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалатынын айтқан болатын. 

Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Қараған­ды экономика­лық универ­­ситетінде «National bookdating» акциясы өтті

Кеншілер астана­сын­дағы Қазтұты­ну­одағы Қараған­ды экономика­лық универ­­ситетінде облыс­тық Қа­зақ­стан халқы Ассамб­лея­­сының «National bookdating» акциясы өтті.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Петропавл құрылыс-эконо­микалық колледжінде білімді мамандар көбейеді

Петропавл құрылыс-эконо­микалық колледжінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Қаламгер Жоламан Бошалақтың қайраткерлік қарымы

Белгілі қаламгер, курстасым, әріп­тесім Жоламан Бошалақтың 75 жыл­дық мерейтойына орай мақала жа­зып, ыстық лебіз, игі тілегімді біл­діру мақсатымен қолыма қалам алғанда бұған дейінгі жарты ғасырдан астам өміріміз көз алдымнан бейне кино таспасындай сырғып өте бер­ген. Жолекең еліміздің батыс өңір­і­нен 1966 жылы сол кездегі С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік уни­верситетінің журналистика фа­куль­те­тіне оқуға түскенде жасы әлі айхай жиырма беске жете қоймаса да, боз жорғадай бозбалалықтан арыла қой­маған біздер үшін сақа жігіт болып көрінетін еді. Солай екен. Орта мектептен соң ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесін үздік бітіріпті. Кеңшарда түрлі жауапты жұмыстар атқарған. Газеттерге ма­қала, сықақ өлең, әңгімелері шы­ғады. Бір­те-бірте әдеби ортаға ойы­сады. Сөй­тіп университетке өмір өткел­де­рінен өтіп келіпті. Сондықтан бо­лар, біздер Жолекеңе қызыға қарадық.

Өнер • 23 Сәуір, 2018

Асанәлі Әшімов: Рухани жаңғырудың кілті төл өнеріміз бен мәдениетімізде

Ақтөбе қаласында Астананың 20 жылдығы құрметіне орай «Ән дарыған далада шынға айналған астанам» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Оған қазақ театр өнерінің саңлағы, Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қа­зылар алқасы төрелік жасады. Сөз сайысына халықаралық және рес­публикалық айтыстарда топ жарып жүрген жыр жүйріктері мен айтыс өнеріне таяуда бет бұрған жас дарындар қатысты. Олар тоғыз жұп болып жыр нөсерін төгіп елордамыз Астананың арайлы айшықтары мен еліміздің жетістіктерін кесте­леп өрнектей білді. Біз орайы келген сә­тінде ұлттық өнеріміздің хас жүй­рі­гі­не жолығып, бірер сауал қойған едік. 

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Аңыз адам – Қасым Қайсенов

Қасым Қайсенов! Өмірі өзгелерге ұқсамайтын бұл ғажайып адамның аты-жөнін біз алғаш рет 1963 жылы жарық көрген «Ажал аузынан...» кітабынан оқып білдік. Суретімен тұңғыш рет ғалым Е.Бекмахановтың 1965 жылы мектеп оқушыларына арнап жазған «Қазақ ССР тарихы» оқулығынан таныс болдық. Ал өзін... иә, өзін Алматыға абитуриент боп келген 1969 жылы Баспочтамт маңындағы аллеядан көрдік. Сәлем беріп, әңгімелесуіміз республикалық жастар газетіне жұмысқа орналасқан 1974 жылдан басталды. Содан 1998 жылы Астанаға қоныс аударғанымызға дейін ағамызбен ылғи болмаса да редакция тапсырмасымен ара-тұра жүздесіп жүрдік. Соның нәтижесінде екі мақала өмірге келген-тін. Оның біріншісі қаламгер Қасым Қайсенов шығармаларын талдауға арналса, одан кейінгісі аты аңызға айналған аға ерлігінің лайықты бағаланбағандығы туралы ел зиялыларының сол кездегі республика, одақ басшылары Н.Беляев, Н.Хрущев және М.Горбачевке жазған хаттарына шолу еді. Ал төмендегі мақала құрметті оқырман, бұл Қасекеңмен 1974-1998 жылдар аралығындағы әңгімелердің қойын дәптердегі қалған үзік-үзік бөліктері. Халық қаһарманының 100 жылдық мерейтойында бүгінгі ұрпаққа танымдық тұрғыдан керек қой деп ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Бес әлеуметтік бастама – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы елді Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдей алатын, жан-жақты, прогрессивті жә­не серпінді мемлекет ретінде қа­лып­та­су­дың негізгі бағыттарын ай­қын­дайтын кешенді дамудың маңызды стратегиясы болып табылады.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Мүгедектер мүддесін қорғаған «ELAMAN» әлеу­мет­тік инновациялық жобалар қоры

Мына жалғанда қанша адам жер басып жүрсе соншалық тағдыр бар. Біреудің басына денсаулықты зар етсе, енді біреуді перзенттен қинайды, үшінші біреудің талайлы тағдыры басын тауға да, тасқа да ұрғызады. Сырттай бүтін көрінген жанның да арғы жағын қозғап қалсаң, ішінде жатқан жан жарасы, мұң-наласы бар. «Мына жалғанда дүниең тегіс болса, басыңда бір іс болады» дегендей, түгенделген өмірдің де өтеуі бар, Алла берген жақсылық та, бақыт та, байлық та сын, оны да дұрыс көтере алмасаң зары болар тартатын», деп үлкендер бала кезімізден жыр ететін.

Яндекс.Метрика