Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Күй-Қаршыға туған жеріне ескерткіш болып оралды

Атырау қаласының ең көрнекті жерінен Қаршыға Ахмедияровтың ескерткіші бой көтерді. 

Күрес • 28 Қаңтар, 2019

Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер (кадет) арасында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін Әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Театр • 28 Қаңтар, 2019

«Астана Опера» сахнасында «Манон» балеті қойылады

«Манон» тарихы 30 қаңтар күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрермен назарына ұсынылады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Есіл өзенінде қысқы ойындар өткізілді

Балалар жастар ұйымдарының белсенділерімен бірге коньки, шана тепті. Бұл туралы Астана қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Жамбыл өңірінде 26 елді мекенге клуб қажет

Әулиеата өңірінің мәдениетін дамыту мақсатында осы уақытқа дейін ауылдық жерлердегі мәдениет нысандарының жұмысын жүйелендіру, архивтерді цифрландыру, ақпараттық орталық құру, бұдан өзге облыста өтетін мәдени көпшілік іс-шаралардың маңыздылығын арттыру секілді жұмыстар атқарылған болатын. 

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Шенеуніктер сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне бас ауыртпай отыр

Шымкент қаласындағы сауда орындарында өрт оқиғасы толастар емес.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Шымкенттік нәрестелерге ең көп қойылатын есімдер белгілі болды

Өткен жылы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінде 32464 сәби тіркелген. Оның 60 пайызы ұлдар болса, 40 пайызы қыздарды құраған. Тіпті, жаңа туған нәрестелерге қандай есімдердің ең көп қойылатындығы да белгілі болды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Алматы облысында «Абердин Ангус» тұқымды ірі қара өсіріледі

Алматы облысының Кеген ауданында 6000 бас асыл тұқымды ірі қара жемге байланған. Осы мақсатта бірнеше мал бордақылау алаңын ашқан «Жаңа Ақтасты» серіктестігі аймақтағы ауыл шаруашылығының өркендеуіне 1,2 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция салып отыр.

Технология • 28 Қаңтар, 2019

Будапешт дәмханасында қонақтарға роботтар қызмет көрсетеді

Будапешттің Enjoy дәмханасындағы роботтар бәрін жасай алады. Оның қатарына қонақтарға тамақтар пен сусындар ұсыну, анекдоттар айтып, балалармен билеу немесе жай ғана клиенттермен сөйлесу кіреді. Бұл туралы Reuters жазды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Алматыда 2020 жылға дейін 42 жатақхана салынады

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студент жастардың жағдайын жақсарту мақсатында Алматыда 1200 орынды 3 жатақхана салынды, оның біреуі модернизацияланған. Жыл соңына дейін 2680 орынды 5 жатақхана құрылысы аяқталады және 6300 орынды 12 жатақхана құрылысы қатар жүреді. Жалпы, 2020 жылға дейін 19 480 орынды 42 жатақхана салынып, пайдалануға беріледі», дейді қала әкімнің баспасөз қызметі.