Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Алматы облысында үй тонаған ұрылар тобы ұсталды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында үй тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан жастарына деген қамқорлығына Тәуелсіздік алған кезден бастап куә болып келеміз. Бұл қатарда «Болашақ», «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы» мен жұмыспен қамтуға арналған өзге де бағдарламаларды, жас отбасыларды баспаналы етудің түрлі жолдарын көздейтін өзге де жобаларды айтсақ болады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019
Ауыл шаруашылығы – табысты сала
2017 жылы Бүкіләлемдік банк пен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас проджект» жобасы бойынша 1 миллион теңге қайтарымсыз несиені грант түрінде алдым. Ондағы басты жоспарым Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, Қаратау етегінде аграрлы кәсіппен айналысу болатын.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып үлгерді
Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше көңіл бөледі. Елдің жаңа буынына деген қамқорлығы Қазақстан Республикасы халқының төрттен бір бөлігін құрайтын адамдарға деген терең сенімге негізделген.
Әлем • 29 Қаңтар, 2019
Интеллектуал қазақ жастары Мәскеуде бас қосты
Мәскеу қаласында «Қазақ жолы» интеллектуалдық клубының ұйытқы болуымен дөңгелек үстел өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен өтті деп хабарлаған-ды жиын модераторы, Ресей Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының докторанты Қазыбек Дауталиев. Алдымен жырақта мұндай жиын өткізудің мәні бар ма дегенге келсек, Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының магистранты, «Жас Тұлпар» ұйымының төрағасы Мұқтар Баймағұлов: «Қазақ жастарының жолы – «Елге қызмет» құндылығы арқылы қалыптасуы қажет. Ресейде оқып жатқан қазақ студенттерінің саны 70 мыңнан асады. Сондықтан сырттағы адам ресурсын ел игілігіне жұмылдыру өзекті мәселе» дейді.
Әлем • 29 Қаңтар, 2019
Ауаның ластануымен қалай күресеміз?
Жыл сайын Астананың аязына шыдау үшін жер үй тұрғындары от жағады. Желсіз, ауа температурасы 30 градустан төмен күндері елордада көк тұман. Қаланың «Оңтүстік-шығыс», «Көктал» сынды жер үйі көп аудандарында газ болмағандықтан, тұман осы аудандардан басталады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл мәселе осы жылдың желтоқсанына дейін «Сарыарқа» газдандыру жобасының аясында шешімін табады деген болатын.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019
Маңғыстауда студент жастарға жайлы жағдай жасалады
Жатақхана – студенттер үшін маңызды мәселе. Ақтау қаласында да әртүрлі оқу орындарына, әсіресе колледждерге келіп студент атанған жастардың бірнеше жылдан бері шешімін таппай, күрделі жайтқа айналған түйткілінің бірі де осы болатын. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті кампусының салынуы − өңірдің жоғары білім беру саласындағы үлкен жаңалық болды.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Экспорттық әлеует артып келеді
Қазақстанда жасалған 800-ге жуық өнім әлемнің 119 еліне экспортталады. Оның ішінде машина жасау және құрылыс материалдарына арналған өнімдермен қатар, тамақ, сүт өнімдері шетелде сұранысқа ие.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Салық төлеушілер мәліметі жаңартуды қажет етеді
Салық органдарының мәліметтер қорын өзектендірмеу және ақпараттық жүйелерін жаңғыртпауы салық төлеушілерді түрлі қиындықтарға түсіруде. Соның салдарынан азаматтар салық берешектеріне байланысты қойылған шектеулерді шетелге шығар алдында ғана біліп жатады. Ел азаматтары соңғы жылдары кезігіп отырған бұл мәселелер Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен өткен Үкімет сағатында көтерілді. Депутаттар алдында «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық технологиялар» тақырыбы бойынша Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндама жасады.