Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Білім • 14 Наурыз, 2018

Мұғалім пайымы: Оқулықтардағы олқылық қашан түзеледі?

Жасыратыны жоқ, білім реформаларының санынан жаңылдық. Өйткені сала басшылары ха­лықаралық стандарттарды желеу етіп, жылдам нәтижеге жеткенше асығып тұрады. 

Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов уақытша, Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы кезеңінде Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Білім • 14 Наурыз, 2018

Мәселенің мәнісі: Мұғалім беделіне неге нұқсан келтіреміз?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында білім беру саласын жан-жақты жетілдіруді айта келіп, «Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады» деген болатын. 

Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Ғабит Зұлхаров - ізденімпаз журналист

Ғабит Зұлхаровты сонау 1990 жылдары Аягөз аудандық «Алға»-«Вперед» газетінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүргеннен бері танушы едім. Жас мамандарға ақыл-кеңес беріп, журналист болып қалыптасуларына ықпал етіп жүретін. Қырық жыл бойы журналистік атқа дақ түсірмеген Ғабеңді алдыңғы буын ағалары барынша бағалап, «зерделі Зұлхаров» деп атап кетіпті. Ал бүгінгі ізінен ерген кейінгі толқын інілері «ғибратты Ғаба» деседі. Бұл – әркімге көрсетіле бермейтін құрмет пен ілтипат.

Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Қайролла Дүйсен­байұлының туғанына 70 жыл

Қасиетті қазақ жеріндегі Баян­ауыл өлкесі – дарынды тұлғалар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан атақты ғалымдардың мекені. Осы елдің тумасы Қ. Сәт­баев сынды ұлы ғұламалардың ізін жалғап келе жатқан ғалымдардың бірі және бірегейі – Қайролла Дүйсенбайұлы Рахимов.

Тарих • 14 Наурыз, 2018

Ар-намыстың ақтаңгері батыр Бөкенбай Қарабатырұлының ғұмыры

Қырық үш жастағы Бөкенбай ба­тырдың Кіші жүздің біріккен әс­кери қолына қолбасшы болып сайлануы оның алдағы өмірінің мақсат-мұратын да белгілеп берді. 

Тарих • 14 Наурыз, 2018

Мағжан - Түркі әлеміне ортақ тұлға - Зарқын Тайшыбай

Саналы ғұмырларын тәуелсіз мемлекет құру мақсатына арнаған, елдік мүдде жолында жандарын құрбан еткен Алаш арыстары мен қайраткерлері арасында Мағжанның есімі Түркі әлемінде де зор ілтипатпен, үлкен құрметпен аталады. Көзі жұмылғанша «қазағым, алашым» деп жырлап өткен ақиық ақын әлдеқашан мойындалып, теңдессіз рухани тұлғаға айналғаны талассыз шындық. Бұл орайда түркітілдес мемлекеттер шеңберінде «Мағжан Жұмабаев жылы» жарияланып, айтулы іс-шараның Түркиядан бастау алуының мәні де, маңызы да зор айтулы оқиға болды. Біз Қазақстан делегациясы құрамында бауырлас елге сапарлап қайтқан белгілі ғалым, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын ТАЙШЫБАЙМЕН жүздесіп, алған әсерлерімен қоса ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты әрқилы тұжырымдар жайлы айтып беруін өтінген едік.

Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Демократиялық қоғам құру­дың басты құндылығы - сана еркіндігі

Қоғамдағы демократия – ол еркіндік, конституция мен заң шеңберіндегі сана еркіндігі. Сана еркіндігінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – материалдық құндылық пен билік. Содан кейін барып дәстүрлі менталитет және басқа да негіздер орын алады. Кез келген саналы адамның ой еркіндігінің демократиялық қоғамның дамуына сәйкес ұстанымдары болуы шарт.

Әдебиет • 14 Наурыз, 2018

Нашақордың наласы (әңгіме)

Таңертең Әнуар әйелін дауыстап шақырды.

Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Қарағандыдағы «Чемпиондар ұстаханасы» атанған мектеп-интернаттың бүгінгі қауқары қандай?

«Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 5 ақпан күнгі санында Мәжіліс депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің «Қарағанды спорт мектебін қайта құру қажет» деген­ мақаласы жарық көрді. Қазір­гі таңда бұл мәселенің жай-жап­сары жан-жақты зерттеліп, жобаның жүзеге асырылу тетіктері қарастырылуда. Ал біз өз тарапымыздан кеншілер астанасындағы жарты ғасырға жуық тарихы бар Әлия Молдағұлова атындағы спорт­­қа бейімді, дарынды бала­ларға арналған облыстық маман­дан­­дырылған мектеп-интернаттың мұндай өзгерісті қабыл алуға деген қауқары қандай дәрежеде деген сұраққа жауап іздегенді жөн көрдік.

Яндекс.Метрика