Театр • 08 Наурыз, 2018
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
Цехтың іші шаңнан тұманданып кеткен тәрізді, машиналар дауысы мен тастың тарсылынан құлақ тұнады. Жұмысшылар көзіне көзәйнек, үстіне брезент киім, аяғына резеңке етік киіп алғанымен де, шаңның өтпейтін жері жоқ. Өрімдей қыздың қою қара кірпігіне кіреукеленіп шаң тұрып қалған. Тамағы да шаңнан құрғап, жұтынған сайын өзегін ашытып, қарлығыңқырап тұр. Бірақ оған қарап жатқан Ләззат жоқ, ленталар бойымен судай ағып бара жатқан тастардан көзін алмайды.
Қысқы спорт • 08 Наурыз, 2018
Жаңыл Балтабаева: Паралимпиададан олжалы оралсам, аналарға үлкен сыйым сол...
Өр намыс, қайсар мінез қашаннан да қазақ қыздарына тән қасиет. Бұл тұрғыда бір ғана Әлия мен Мәншүкті алға тартсақ жеткілікті. Осынау бейбіт заманда білек пен жүрек күшін қатар ұштастырып, байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп жүрген Назым Қызайбай, Әлия Юсупова кешегі қаһарман әкпелерінің заңды жалғасы емес деп кім айта алады. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан паралимпия ойындарына ел намысын арқалап кеткен алты спортшының ішіндегі жалғыз нәзікжанды, шаңғымен сырғанаушы Жаңыл БАЛТАБАЕВА.
Спорт • 08 Наурыз, 2018
Спортта ерлермен қатар қыздар да ел қоржынына жүлде салып, байрақты бәсекелерде ел мерейін асырып жүр. Осы орайда қыздар спортында жекелеген спорт түрлерінен тұңғыш медаль алған бойжеткендер туралы ой қозғамақпыз.
Қысқы спорт • 08 Наурыз, 2018
Светлана Галышева: Қызым үшінші олимпиадасында арманына қол жеткізді
Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышеваны ең алдымен Алматы қаласының тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Өзі оқып, білім алған Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закарьянов Қазақстаннан Олимпиадада жалғыз медальға ие болған саңлаққа құрмет көрсетті. Ертеңінде Юлия кіндік қаны тамған Өскеменіне оралды. Қарсы алғандардың ішінде анасы Светлана Галышева, облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, қала тұрғындары болды.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
Жәмилә Баспақова: Өзімнің жан дүниеме үңілгенді жөн санаймын
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі.
Әдебиет • 08 Наурыз, 2018
Үш Татьяна – өрімдей орыстың сұлулары Мартыненко, Бурмистрова, Полтавская қазақ тілінде тамылжыта ән шырқады. Кездесу орны өзгерген жоқ. Үшеуі де Алматыға көздеген уақытта, бірі – ұшақпен, бірі – пойызбен, бірі автобуспен жетті.
Әдебиет • 08 Наурыз, 2018
Қысы-жазы үй тірлігінен қолы босамайтын бір аяулы жан бар біздің әулетте. Ол – жеңешем. Шынымды айтсам, туған шешем. Әжем жарықтық көзі тірісінде менің о кісіні осылай атағанымды қалап еді. Содан бері сүйегіме сіңіп, тілім қалыптасып кетіпті. Енді шешемді басқаша атай алмаймын.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
«Аналарға тағзым» – айрықша жоба
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық сөз бар. Мұның өзі аналардың отбасы мен қоғам алдындағы рөлі өте жоғары әрі парызы мен арқалайтын жүгі салмақты екенін көрсетеді. Табиғат-ананың көктемде бүр жарып, жапырақ жаятыны секілді, әйел-анасыз адамзат баласы бала сүйіп, ұрпақ өсіріп, табиғи демографиялық өсімге қол жеткізе алмайды.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
Елордаға гүлдер қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды
Қаңтар айынан бері Астанаға жеткізілген 14,8 тонна гүл мен гүл өнімдері кедендік декларациялаудан өткен, деп хабарлайды елордалық мемлекеттік кірістер департаменті.