Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Алматыда тау кластерін дамытудың жоспары жасалды

Алматы мен жалпы Жетісу өлкесінде тау кластерінің туристік әлеуеті  өте жоғары.  Елімізге келген Австрияның «Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер осылай дейді.

Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Бабасы ерлік жасаған күні туған ұл

Руханият • 21 Қаңтар, 2019

Басқардың күлкісі – басқаша күлкі

Басқарбек Битанов қыршын кеттi. Небәрi 35 жыл ғана ғұмыр кештi. 1 қаңтар күнi дүниеге келiп, 1 қаңтар күнi пәниден өттi. Көзі тірі болса талантты қаламгер осы күндері ортамызда 60 жасын атап өтер едi. Ол сан қырлы өнерпаз болатын. Әуелетiп ән салатын, музыкалық аспаптардың кез келгенiнiң құлағында ойнайтын. Сонымен бiрге кез келген адамның даусын айнытпай салатын ерекше өнері және бар еді. Жiгiттiң сұлтаны, жампозы деседе болғандай. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қарымды қаламгер, ақберен журналист, өз замандастарының алдыңғы легiнен табылатын азамат екенiн танытып үлгердi. Әсiресе, сатира саласында өзiнiң орнын ойып алып, қаламының қытығының қаншалықты қуатты, ал күлкiсiнiң қаншалықты шуақты екенiн аңғартып кеттi. Оны кезiнде «Тамаша» және басқа да ойын-сауық отауларында қойылған уытты әзiл-әжуалары мен баспасөз бетiнде жарияланған әзiл-оспақ әңгiмелерiнен талай байқадық.

Медицина • 21 Қаңтар, 2019

Ауылдарды сақтап қалудың амалы қандай?

«Бұл мәселе жергілікті билікті алаңдата ма?» деп өзімізге-өзіміз сұрақ қоя­тын кездеріміз болады. Аудан әкімдері бірінен соң бірі ауысып жатыр, олардың қабылдауында да болдық. Мәслихат депутаттарының да пікірін білдік. «Ауылдың болашағы жоқ» дейді. Ауылдың болашағы бол­маса, ауданның, облыстың болашағы қайдан оңады? Аймақ бойынша демографиялық құлдырау да ауылдың әлеуметтік жағдайына тиісті дең­гейде көңіл бөлмеуден басталмай ма?

Видео • 21 Қаңтар, 2019

Әлемдік экономика форумы өтеді (видео)

Әлемдік экономика форумына кімдер және қанша адам келеді, олар қандай тақырыпты сөз етпек деген сауалдарға жауап алғыңыз келсе, видеоға назар салыңыз.

Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Белден басқан бір бұйрық

«Мозговой центр» ЖШС-нің жетекшісі Самат Кәрішаловтың әкімшілік бюрократтық кедергілердің салдарынан табанынан таусылып жүргеніне бір айдан асып барады. Әбден амалы бітіп, салы суға кеткеннен кейін жергілікті кәсіпкерлер палатасына қайырылуға мәжбүр болған.

Медицина • 21 Қаңтар, 2019

Қоқыс жинап, қаражат табады

Екеуінің де тағдыр талайы, келешекке деген ұмтылысы тым ұқсас. Бірін-бірі түстеп танып көрген де жан емес. Алайда  басқа түскен бейнетті қара нардай көтере білулері, бар қиындыққа тәуекел етіп, алға ұмтылулары құтты егіз қозыдай.

Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Агроөнеркәсіп цифрландырусыз алға баспайды

Агроөнеркәсіп кешені алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – бес жыл ішінде еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру. Былтыр өңір бойынша 464 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 64,2 миллиард теңге инвестиция құйылды. Соңғы бес жылда бір АӨК қызметкеріне шаққанда еңбек өнімділігі 1,2 миллион теңгеден 2,4 миллион теңгеге жетті.

Экономика • 21 Қаңтар, 2019

«Жасыл» компаниялар рейтингі жасалды

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының «жасыл» рейтингінің нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

21 Қаңтар, 2019

Михаил Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын орнатты

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың басты жаңалығы – Михаил Литвин орнатқан екі рекорд. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.