Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Қызылордада кәсіп бастауға мүмкіндік көп
Қызылордада Кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылып жатқан «Бизнес-мектеп» құрылымы кәсіпкерлікпен іспен айналыссам деген азаматтарға көмек береді.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Медициналық көмекпен қамту саласында мәселе көп
Мәжілісте вице-спикер, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен биылғы жылдың алғашқы фракция жиналысы өтті деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Қармақшыдағы зауыт қалдықсыз жұмыс істейді
Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылында ашылған зауыт қалдықсыз жағдайда жұмыс істейді.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2019
Жасөспірім шақтың өзіне ғана тән қызуы мен максимализмі болатыны, соның әсерінен кәмелетке толмағандар арасында бір-бірімен төбелесу, әлімжеттік көріністері болып тұратыны белгілі. Әйтсе де оқушылардың өздерімен бірге суық қару, жиналмалы пышақ ала жүріп, бір-біріне оны жұмсайтын болса оған енжар, селсоқ қарай алмайсыз. Мұның өзі ата-аналар мен білім беру ошақтары және құқық қорғау органдары өкілдері бірлесе атқарар тәрбие жұмысында «бір кем дүниенің» бар екенін көрсетсе керек.
Президент • 21 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагваның кездесуі өтіп жатыр.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Қызылордада «CT-KZ» сертификатын алушылар қатары өскен
Қызылорда облысында «CT-KZ» сертификатын алушылар қатары қырық пайызға өсті.
Президент • 21 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасқаны және халық елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайтыны да бекерден-бекер айтылған жоқ. Күнделікті сұраныс пен ахуалдың өзі цифрлы қалаларға бастап келеді.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы өз бастамаларында дамыған ақпараттық технологиялар – саналы, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашатынын баса айтып, бұл іске айрықша мән беріп келеді. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың жөні бөлек. Соның нәтижесінде білім беру кеңістігі қарқынды өсіп, сандық ортаның дамуы мол мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
• 21 Қаңтар, 2019
«Ауыл қамқоршысы»: Ақтөбе облысында 2,6 млрд теңгеге 314 жоба жүзеге асырылуда
Ақтөбелік кәсіпкерлер Президенттің 2018 жылы ауылдық аймақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту аясында бастамалық еткен «Ауыл - ел бесігі» ауқымды жобасын дамытуға қолдан келген үлестерін қосуда. Елбасы бастамасы өңірде кең қолдау тауып, «Ауыл қамқоршысы» акциясы басталды.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Қапшағайда судағы полиция қызметі құрылады
Еліміздегі ең танымал жағажай демалысының орталығы болып саналатын Қапшағай көліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы полиция қызметін құру күн тәртібіне қойылды.