Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Елбасы бизнеске қолайлы жағдай жасаған әкімді марапаттайды
Ертең Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев субұлттық рейтингтің жеңімпазы атанған әкімді марапаттайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Көкпектіде Бармақ батыр құрметіне футбол турнирі басталды
Көкпекті ауданында Уақ Бармақ батырды еске түсіруге арналған футбол турнирі басталды.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Катонқарағайдағы Достық үйі қоныс тойын тойлады
Катонқарағай аудандық Достық үйі Тұңғыш Президент күні мерекесінде жаңа ғимаратқа көшіп, қоныс тойын тойлады.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Маңғыстауда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Талғатбек Бапиев тағайындалды. Ол 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа кадрлық өзгерістерді жариялады.
Үкімет • 05 Желтоқсан, 2017
Үкімет әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездесу өткізді
Бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі Индустрияландыру күні қарсаңында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылық етуімен 100-ден астам ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен Қазақстанға инвестиция салудың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Ұшақта қатар отырған апайдың он саусағы тола жүзік екен. Бірінен бірі өткен әдемі, зерлі, бағалы әшекейлер. Мен оны әуелде байқар ма едім, байқамас па едім, егер апай саусақтарын қайта-қайта бүгіп-жазып, бүгіп-жазып назарымды аудармағанда...
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Шыршаға емес, шаруашылыққа жұмсалады
Соңғы бес жылда облыс орталығында жаңажылдық шыршаны орнатып, безендіруге 100 миллионға жуық теңге бағытталып, құмға сіңген су сияқты із-түзсіз кетіпті. Ал аудандар мен елді мекендерде жұмсалған шығындарды есептейтін болсақ, қайтарымы жоқ қаражаттың еселене түсері анық.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Астанада көрерменді ретроспективаның алуан түсімен табыстырған суретші, галерист Лейла Махаттың «Осындамын» атты жеке көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге қойылған әр картинаға үңілген сайын суретшінің өзіне ғана тән қолтаңбасын, болмысын жете тани түсесіз. Өйткені онда Лейла Махаттың жылдарға ұласқан бай тәжірибесі мен қазақ даласының шексіздікке ұласқан көкжиегі көрінеді.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
«Науырзым» атауы қайдан шыққан?
Қостанай облысындағы Науырзым қорығын қазір әлем біледі десек артық емес. Ол 2008 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізілген болатын. Осы «Науырзым» атауы қайдан шықты?» десе табан астында жауап таба алмай, аңтарылып қалатынымыз рас.