Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Цифрландыру туралы не білеміз?
Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
«Нұрлы жол» бойынша қандай шаралар атқарылды?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында еліміздің көлік тасымалы мен қатынас жолдарын дамытуға баса мән беріліп, негізгі тапсырмалар жүктелген болатын.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Мақтааралда мақта өсіруде шешілмей жатқан мәселелер бар
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, еңбек ардагері, сексеннің сеңгіріне шыққан Елемес Сабыров – Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ісінің үздігі. Осы саланың жай-жапсары мен көкейкесті мәселелерін бес саусақтай біледі. Өйткені ес білгелі осы іспен айналысып келеді.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Алматыда «Жыртқыш құстар мен аңшылық: тарихы мен бүгіні» атты конференция өтті
Мың жасаған шаһардың сән-салтанаты күннен-күнге арта түскендей. Алматыда «Жыртқыш құстар мен аңшылық: тарихы мен бүгіні» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға тек қана ғылым саласының өкілдері ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де қонақтар қатысты.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Экономика саласында қандай жетістіктерге жеттік?
«Индустрияландыру – еліміздің бүкіл экономикалық саясатының діңгегі іспеттес».
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Алматыда Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Желтоқсан айы еліміз үшін елеулі мерекелерге толы. Ең алғашқысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Сыр өңірінде қандай тарихи орындар бар?
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар, әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрған бізге бағдаршам іспеттес болуы керек.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Рауан Кенжеханұлы: «100 жаңа оқулық» – қазақ ғылымының жаңа белесі»
ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ баласын жаппай білімге шақырып, дамыған жұрттардың бәрінде бар ғылым салаларын негізге алып, қазақ ғылымының іргетасын қалапты. Содан бері бір ғасыр өткенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылды. Қазақ баласы енді гуманитарлық білімнің жаңа оқулықтарымен танысқанда қалай өзгереді? Арадағы ғасырлық межені ескергенде, жаңа оқулық білімнің сапасын көтере ме? Осы туралы «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлынан сұрап білген едік.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Жақсының жаратылысы бөлек, тектінің тегеуріні мықты. Болмысы бүтін, сөзі нәрлі, мінезі мінсіз. Кең пішілген, бәрін сезіп тұрасың пішінінен. Аспайды, таспайды. Тыңдай біледі. Тыңдата алады. Мен осының бәріне: «Кенеке, сіз күміс көмей әншілігіңіздің үстіне, ғұлама жырау әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз», деп ұлы Мұхтар Әуезов бағалаған, «Салдық, серілік дәстүрдің ең соңғы шыңы – Кенен» (Ақселеу Сейдімбек) деген күміс көмей, жезтаңдай, сөзі балдай Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткенмен әңгіме үстінде көз жеткіздім.