Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Үкімет • 04 Желтоқсан, 2017

Еркін Оңғарбаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет • 04 Желтоқсан, 2017

Үкімет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ұсынылған жобасын қолдады

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев экономиканы цифрландыру тиімділігі 2025 жылға қарай қосылған құнды 1,7-2,2 трлн теңгеге жеткізуге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Президент • 04 Желтоқсан, 2017

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Алматыда «Ұстаздар үйі» ашылды

Жыл соңы Алматылық мұғалімдерді бірқатар жағымды жаңалығымен  қуантты. Соның бірі шаһарда бұрын соңды болмаған, еңсесі биік «Ұстаздар үйі» ғимаратының бой көтеруі. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен,  қаладағы барлық мұғалімдердің басты ордасына айналған орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Президент • 04 Желтоқсан, 2017

Мемлекет басшысы Германияның іскер топ өкілдерімен кездесті

Кездесуге Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Парламент • 04 Желтоқсан, 2017

Сенаттың Бюро отырысында заң жобалары комитеттерге бөліп берілді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы өтті.  Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметінен. 

Қаржы • 04 Желтоқсан, 2017

Қайрат Келімбетов Ресейдің ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Ресей Федерациясының мемлекеттік және бизнес ортасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Атырауда алты әлеуметтік нысан ашылды

Атырауда әлеуметтік нысандар қатары толықты. Тұңғыш Президент күніне орай мұнайлы аймақта алты бірдей нысан пайдалануға берілді.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

«Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітаптардың авторларымен кездесу өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты Елбасы туралы жазылған кітаптардың авторларымен кездесу кеші өтті. Әуелі келген қонақтар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Онда Елбасының жазған еңбектерімен қатар, Президент туралы кітаптар қойылып, Елбасының өмірі мен еңбек жолынан мол деректер қамтылды. Содан кейін келушілерге Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді. Жиынға келушілер мұнда Мемлекет басшысының жуырда ғана Жамбыл облысына арнайы келген іссапарын тамашалады. Бұдан кейін кештің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, кешті университет ректоры Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Бұқаралық спортты дамыту басты назарда

 Тараз қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті. Аталған шараға облыс әкімдігінің аппараты, облыстық басқармалар, жергілікті құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер және акционерлік қоғамдар, сондай-ақ Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар өкілдері мен облыс тұрғындары қатысып, жалпы қатысушылар саны 1000-ға жуық адамды құрады. 

Яндекс.Метрика