Қаржы • 04 Желтоқсан, 2017
Банкоматтағы ақшаның жоғалуына банктердің селқостығы да себепкер
Бүгінгі таңда біздің азаматтарымыз банкоматтардағы есепшоттарынан ақша жоғалту секілді елеулі мәселеге де тап болып отыр. Қазір ақшаның бәрі банкоматтарда сақталатындықтан, бұл мәселеге тиянақты назар аударуымыз керек.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017
Жанармай тапшылығы жабырқатпасын десек...
Еліміздегі жанар-жағармай нарығындағы жыл сайын қалыптасып отырған жағдай қоғамда үлкен әлеуметтік мәселеге айналуда. Мұнайлы мемлекет бола тұра өз нарығымызды қажетті мөлшерде қамтамасыз ете алмауымыздың себебі көпшілікке түсініксіз болып отыр. Ал мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға қарастырылып жатқан қаржы көлемі де аз емес. Бірақ жұмыстардың тиімділігі төмен, жаңғырту жұмыстары жылдан-жылға ұзартылуда және оның нақты қай мезгілде аяқталатыны да белгісіз.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
«West Dala» «Жасыл экономиканы» қолдап, ЭКСПО көрмесіне атсалысқан
«West Dala» ЖШС – 2005 жылы еліміздің батыс аймағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді басқару тәжірибесін алғаш рет енгізген дербес сервистік компания. «Қашаған», «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты әлемдегі ең ірі игеріліп жатқан мұнай-газ кен орындарына, мұнай және мұнай-сервистік өнеркәсібіне, өнеркәсіп және медицина салаларындағы ұйымдарға, халыққа қызмет көрсету және сауда кәсіпорындарына, басқа да компанияларға қалдықтарды басқару бойынша кешенді және жекелеген қызметтер көрсетеді. Компания өз қызметін мемлекеттік лицензиялар, ISO және OHSAS халықаралық стандарттарына сәйкес интеграциялық менеджмент жүйесі негізінде жүзеге асырады.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Оралда электронды қызмет көрсету жобасы таныстырылды
Батыс Қазақстан облыстық соты облыс әкімдігімен бірлесе отырып «Медиацияға цифрлық технология арқылы қол жеткізу» электрондық сервисі пилоттық жобасын әзірледі.
Бизнес • 04 Желтоқсан, 2017
Қазақстан инвестқоры: қайтару, оңалту, іске қосу
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, даму институты бола тұра, проблемалық активтерді оңалту арқылы елдің өндірістік әлеуетінің өсуіне жәрдемдесу саласында қызмет атқарады. Бұл қаңдай процедура екені және тұтас күрделі механизм іс жүзінде қалай жұмыс жасайтыны жайында «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-тың Басқарма төрағасы Ермек СӘКІШЕВ өз ойларымен бөлісті.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Қасиетті қазақ жерінің дәм-тұзын кімдер татпаған?! Сондай-ақ құшағы кім-кімге де айқара ашық қазақ халқы тағдырдың теперішіне тап болған халықтар мен ұлттар өкілдерінің қай-қайсысына да қара ағаштай пана, бәйтеректей сая болып келді емес пе?! Айталық 1937-1944 жылдар аралығында бұрынғы КСРО аумағынан Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандардың саны 1 миллион 210 мыңды құраған екен. Бұл көрініс 1937 жылы Қиыр Шығыстан қазақ жеріне зорлықпен қоныстандырылған корейлер депортациясынан басталғаны белгілі. Кейін Еділ бойын қоныстанған немістер де солардың кебін киді. Бұдан кейінгі кезеңде депортация үрдісі тереңдей түсіп, гректер мен болгарлар, қарашайлар мен поляктар, чешен-ингуштар мен месхет түріктері де Қазақстанға жер аударылды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Жамбылда «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бастау алды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болып отыр. Мақалада негізгі алты бағыт қамтылып, туған жердің тарихын білуге, туған жерге ту тігуге үндейтін кесек ойлар айтылған. Жалпы, болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, жалпы ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналды.
Президент • 04 Желтоқсан, 2017
Шамалғанда Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жетісудың баурайында, Алатаудың қойнауында Елбасының кіндік қаны тамған жері – Шамалған ауылында Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017
«Киіктің қырылуына кене кінәлі»
«Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жылдың 6 қазанында жарық көрген санындағы «Парламент» бетіне сенатор Мұрат Бақтиярұлының Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа киіктердің қырылуының себебі мен аңшылыққа байланысты сауалы және оған берілген жауапты жариялаған едік. Онымен басылымның 200 мыңнан артық жазылушысынан басқа интернет арқылы 6 мыңнан астам адам танысты. Оқырмандар арасынан редакцияға хабарласқандар да көп болды. Солардың бірі – мал дәрігері, 33 жылдан артық ЖОО-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарған, негізгі мамандығы вирусолог болғанымен кейін патологоанатом саласын да меңгерген, ветеринария ғылымдарының кандидаты, кейінгі жылдары республикалық зертханаларда бас маман, меңгеруші секілді қызметтерде болған Әділқасым ЖАҚЫПБАЕВ киіктің неден қырылғанын өз ұйғарымы бойынша түсіндіріп берді.
Президент • 04 Желтоқсан, 2017
Президент «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен жүздесті
Тәуелсіз Қазақсанның жылнамасы жазылып жатқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Барды бағалай білу, елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғаларды әспеттеу, олардың есімдерін халық санасына сіңіру азаттықтың ақ құсындай болып басымызға қонған бақты ұстап тұрудың бір көрінісі болса керек. Президент күні мерекесіне орай Елбасы Н.Назарбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықталған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен жүздесті.