Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Қостанайда үздік оқушылар мен ұстаздарға «Триумф» сыйлығы табыс етілді

Қостанайда соңғы жылдары пән олимпиадалары мен спорт, өнер жарыстарында жүлдегер болған мектеп оқушылары мен олардың ұстаздарын «Триумф» сыйлығымен марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да ол Тұңғыш Президент күніне орай өтті. Оған облыстың әр шалғайынан 150 оқушылар мен олардың ұстаздары шақырылды.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Петропавлда 200 отбасы қоныс тойын тойлады

Өңірде жұртшылықтың белсене қатысуымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық, көпшілік-бұқаралық шараларға жалғасып, көтеріңкі мерекелік көңіл-күйге ұласты.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Қарағанды ​​облысында бірнеше жаңа нысан бой көтерді

Биыл Қарағанды ​​облысы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында бірнеше жаңа нысандар бой көтерді.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Бұл мереке ел есінде ұзақ сақталады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Аталған жаңа корпус 2 жылда салынып, іске қосылып отыр. Бұл ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік, қабылдау және зертханалық-диагностикалық бөлімдері орналастырылса, екінші қабатында палаталар мен реанимация бөлімі, ал үшінші қабатта 7 блоктан тұратын ота жасау бөлімі мен бүйрек пен бауыр алмастыратын гепатопанкреатобиларлық хирургия бөлімі орналастырылған. Ал емделушілер үшін стационарда қосымша 45 төсек-орын қарастырылған.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Жыл соңында Жетісу өңірінде 100 нысан іске қосылады

Жыл аяғы – бір жыл бойы істелген істің есебі берілер уақыт қана емес, атқарылған шаруалар нәтижесінің көрініс табар мезгілі. Желтоқсан туа қазақ даласын жер-жерде ашылып жатқан жаңа нысандар мен әр түрлі жетістіктер туралы хабар шарлап кететіні бар. Сүйінші сұраудан, бәрекелді айтудан жарысқа түсетін бір шақ осы кез. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Жыл қорытындыланып келеді. Оның үстіне, жақсылығымыздың өзін сәрсенбінің сәтіне, қасиетті жұмаға туралағымыз келіп тұратыны тағы бар. Ал, желтоқсанның басы мерекемен басталады. Бұл күні Қазақстан өз алдына ел болудың басы деп тұңғыш басшысын сайлапты. Ырымдауға жақсы себеп. Өңір әкімдерінің қай-қайсысы да сөзінің әлхамын «Елбасы берген тапсырма бойынша» деп бастайтыны тағы бар. Әр өңір басшылығы елге жасаған жақсылығын, бітірген ісі мен жеткен жетістігін – Тұңғыш Президент күніне жасаған сый ретінде ұсынуға тырысады. 

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Үздік жастарға «Көшбасшы-2017» сыйлығы табысталды

Ұлт көшбасшысы – Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2017» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде тағайындалатын сыйлық биыл да 17 номинация бойынша табысталды. 

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017

Денсаулыққа жауапкершілік керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл­ғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттандыру жұмыстарының жетілдірілуі туралы міндеттерді басты бағыттар ретінде айқындап берген болатын. Бұл міндеттер бізге үлкен жауап­кершілік жүктейді. Халық арасында саламатты өмір сүрудің әртүрлі ақпараттық тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы олардың хабардарлығын көтеру мақсатындағы жүйелі жұмыстар ұйымдастыруды талап етеді. 

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017

Тұңғыш Президент күніне арналған сабақ ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналды

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті тіл мамандарының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында тәртіп сақшыларының арасында патриоттық бағытта сабақ өткізілді.

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017

«Ғасыр індетінен» сақтаныңыз!

Әлем бойынша әр жыл сайын 2 миллионға жуық адам АИТВ вирусын жұқтырса, елімізде де бұл дерттің құрығына түсушілер азаймай отыр. Өткен 9 айдың ішінде Астана қаласы бойынша 193 адамның аталған дертті жұқтырғаны анықталған. 

Ауыр атлетика • 04 Желтоқсан, 2017

Сомбілек Марат Асайынов

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Атбасар қаласының аты айдай әлемге әйгілі болған. Шағын қаланың атағын шартарапқа танытқан Олимпия ойындарының, әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы атанған Анатолий Храпатый еді. Дәл осы кезеңде Атбасардың бар баласы штанга көтеріп кетті десек қателеспейміз. Сол арман қуған балалар­дың ішінде Марат Асайыновтың шоқ­тығы биік көрінетін.

Яндекс.Метрика