Үкімет • 18 Қараша, 2017
Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде мемлекеттік бағдарламалардың және Елбасының «Қазақстанның Үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Аймақтар • 18 Қараша, 2017
Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті
Өнерімен де, өмірімен де елге қызмет етіп жүрген тұлғалар аз емес. Солардың қатарында Өтеген Оралбаевтың да есімі құрметпен аталады. Ол - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік қызметтің үздігі, Президент сыйлығының және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, журналистика академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы, мәдениет және қоғам қайраткері.
• 18 Қараша, 2017
Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді
Семейде «Тілге құрмет-елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған облыстық білім байқауының қатысушылары «Латын қаріпті кітаптар» атты кітап көрмесіне арнайы келді. Шара барысында сирек басылымдар қорындағы сақталған 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген басылымдар таныстырылып, шолу жүргізілді.
• 18 Қараша, 2017
Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков хабарлады. 2017 жылғы қаңтар-қазандағы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму жайын баяндаған департамент басшысы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 683 808 млн. теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.
Аймақтар • 18 Қараша, 2017
ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан
Оңтүстік Қазақтан облысында ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша орташа жалақы мөлшері 101 117 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Президент • 17 Қараша, 2017
Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
• 17 Қараша, 2017
Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында аграрлық бизнес өкілдерімен және еліміздің оңтүстік өңірлері әкімдерінің орынбасарларымен 2017–2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырумәселелері бойынша жеке кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 17 Қараша, 2017
ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған "Ұлтын сүйген дара тұлға" атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті.
Үкімет • 17 Қараша, 2017
Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірдің Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарымен танысты. Үкімет басшысы Қазақстандағы жалғыз минералды тыңайтқыштар зауыты болған «Қазфосфат» ЖШС-ны аралады.
Қазақстан • 17 Қараша, 2017
Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Жетпісбаева «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны» қалалық байқауының Гран-при иегері атанды. Бұл туралы оқу орнының медиа орталығы хабарлады.