• 20 Қараша, 2017
Еуразиялық идеяның жаңа мүмкіндігі қандай?
Бүкіл адамзат тарихы бірігу мен бөлінуден тұрады десек, көп қателесе қоймаспыз. Бөліну – өңірлер халықтарының басына қашан да болсын ауыр қасіреттерін әкелген. Ал бірігу – олардың қуаттарына қуат қосқан.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Қызылордада ІХ «Baikonyr Invest» форумы өтті. Оған халықаралық және отандық бизнес өкілдері, қаржы институттарының, шетелдік және еліміздегі корпорациялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, дипломаттар қатысты. Сонымен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша мемлекеттерінен арнайы делегациялар келді.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Қоныс аударушылар қолдауға зәру
Қазақстан Республикасында көші-қон процестері қай кезде болсын өзекті мәселелердің қатарына жатады. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты. Халқымыздың қоныстануы әр облыста әртүрлі деңгейде. Әсіресе, оңтүстік пен солтүстік өңірлердегі халықтың орналасуы қарама-қайшы: бірінде барынша тығыз қоныстанса, екіншісінде бұл күнде халық сирек болып отыр.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
X Mедиа-құрылтай: Цифрлы технологиялар жетегіндегі журналистика
Қалай десек те соңғы жылдары медиа-нарықта үлкен өзгерістер жүріп жатқанын мойындауға тиістіміз. БАҚ-тың парқы да, нарқы да өзгерді. Әлмисақтан журналистика міндеті саналған ақпарат тарату қызметінің шаужайына блогерлер жармасты. Мультимедиалық технологиялар телевизия көрермендерінің толайым бір буынын өзіне қаратып отыр. Жарнама берушілер дәстүрлі БАҚ-тан гөрі сайттарға, әлеуметтік желілерге бет бұра бастады. Медиа-нарықтағы бұл жағдай қанша уақытқа дейін жалғаспақ? Оқырман мен көрермен кәсіпқой журналистиканың сөзіне сенетін кезеңдер енді орала ма?
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Чемпиондар шеберлік сабағын өткізді
Алматының «Халық Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен Олимпиада және әлем чемпионаты жүлдегерлерінің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Шараны Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Алматы қаласы №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.
Бизнес • 20 Қараша, 2017
«Бөрте-Милкада» сиырды роботтар сауады
Шымкенттен Бадамға қарай шықсаңыз жолдың сол жақ бетінен қайнап жатқан жұмысты көресіз. «Бадам» индустриялық аймағында өнеркәсіп орындарынан бөлек, ауыл шаруашылығы Елбасы айтқандай, экономиканың драйверге айналып келеді. О заманда бұ заман қазекең сиырды роботтар сауады дегенді естіп көріп пе еді. Шетел сөйтеді десе таң құланиектеніп атқаннан шелегі қолынан түспейтін шешелеріміз, «ойпыр-ай, орыс ойындағысын істейді деген осы екен ғой» деп ернін сылп еткізер еді.
Бизнес • 20 Қараша, 2017
Өңірде сүт өңдеумен оннан астам кәсіпорын айналысады. Олардың арасында «Молсервис» ЖШС, «Зенченко және К» КС-нің өнімдеріне сұраныс жоғары.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Нұрбақыт Теңізбаев: Қарапайым адам – сұлу адам
Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев осылай дейді. Күміс жүлде демекші, танымал балуан, бүгінде Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директорымен әңгімеміздің әлқиссасын тоғыз жылдан кейін табысталған күміс медальдан бастап, допинг, қызметтегі жетістіктер, туған жер, адамгершілік секілді тақырыптардың біразының басын шолып шықтық.
Аймақтар • 20 Қараша, 2017
«Тулақ шашу» туралы не білесіз?
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұмыт бола бастаған дәстүрді жаңғырту, ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында жуырда «Тулақ шашу» деп аталатын айрықша іс-шара ұйымдастырды.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017