Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Бәсекеге қабілеттінің бәсі биік
Қазіргі таңда мемлекетіміздің үшінші жаңғыруын жүзеге асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі іске асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту ең өзекті міндеттердің бірі болып отыр.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Қазақстан мен Қытай 25 жылдан бері сенімді серіктес
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Алматыда орналасқан ҚХР Бас консулдығы БАҚ өкілдерін шақырып, қабылдау өткізді.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Қазақстандықтар бұлжымайтын екі ережені түсінуі керек. Біріншісі – ұлттық код, екіншісі – өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Ұлттық жаңғыруды балалар бақшасы мен мектептерден бастауға назар аудару қажет. Білім мен тәрбие ісі салғырттық пен жауапсыздықты көтермейтін нәзік сала, өйткені ол – адам тағдыры.
Кино • 20 Қараша, 2017
«13 километр» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Алматыда «13 километр» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Зағип жанның өмірге құштарлығын, шыдамдылығы мен табандылығын, алдағы күнге деген үміті мен сенімін бейнелеген «13 километр» атты деректі фильмнің тұсаукесері Алматыда өтті. «Қазақфильм» АҚ түсірген фильмнің режиссері және сценарий авторы – Владимир Тюлькин.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Алматыда ҚХА ІІІ халықаралық медиа-форумы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа-форумының жалпы отырысы болып өтті. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, ҚазҰУ-дің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар мен медиа саласындағы отандық сарапшылар, этномәдени бірлестіктер және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Аягөз ауданының Айғыз ауылында жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғындары мен мектеп түлектерінің демеушілігімен бой көтерген ғибадат үйінің ашылуына Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов пен аудан әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.
Аймақтар • 20 Қараша, 2017
Қырық жыл полигон зардабын тартқан аймақта халық саны азайып барады
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Музейге тартылған ерекше сыйлық
Ағайынды Бектұрғановтар тарту еткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов пен оның жары Бәдрисафаның портреті Әулиекөл аудандық музейіндегі келушілердің назарын ерекше аударатын жәдігер боларына күмән жоқ. Портретті олардың сұранысы бойынша қостанайлық белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Юрий Новоселов салып шықты.
Білім • 20 Қараша, 2017
Аграрлық ғылымның жайы алаңдатады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек» деп атап өткен-ді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – нарыққа қажетті өнімдерді өндіру. Ал сол бағдарламада қарастырылған сегіз негізгі тапсырманың бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінде аграрлық ғылымның қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017