Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Аймақтар • 05 Қараша, 2017

Сыр өңірінің 9 нысаны ЮНЕСКО тізіміне енді

Тарихи жәдігерге бай Сыр өңірінде 532 мәдени мұра мемлекет қарауына алынған. 9 нысан ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Хабар 24. 

Аймақтар • 05 Қараша, 2017

Қостанайда ұстаз Ғазиз Әмірханұлының 90 жылдығы аталып өтті

Ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, діни қайраткер Ғазиз Әмірханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абыройы асқан асыл азамат» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Алматы мен Астанадан,  Атыраудан және  Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан  білім беру саласының қызметкерлері,  ұстаздың белгілі шкірттері, жалпы жұртшылық өкілдері қатысты. 

Аймақтар • 05 Қараша, 2017

Жітіқара қаласындағы №2 қазақ орта мектебіне 90 жыл толды

Жітіқара қаласындағы №2 орта мектеп өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Оған мектеп түлектері,  ардагер ұстаздар шақырылды.

Аймақтар • 05 Қараша, 2017

Сарайшықтағы жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін жүріп жатқан Жайық жағасын бекіту кезінде жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Әлем • 05 Қараша, 2017

Қазақстаннан шыққан Баку-Тбилиси-Карс бағытындағы алғашқы пойыз Түркияға жетті

Түркияның Мерсин қаласына Қазақстаннан Баку-Тбилиси-Карс (БТК) бағыты арқылы жіберілген алғашқы пойыз келіп тоқтады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Қазақстан • 05 Қараша, 2017

Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады

Қазақстанда желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтеді. Бұл қазақстандықтар қосымша үш күн демалады деген сөз,  

Аймақтар • 04 Қараша, 2017

Маңғыстау полицейлері психологтармен тренинг жаттығудан өтті

Маңғыстау полицейлері арасында «Ұжымды қалыптастыруға арналған» тақырыбында тренинг жаттығулары өткізілді.

Аймақтар • 04 Қараша, 2017

Жаңаөзенде «Бизнес капитал» жобасының тұсауы кесілді

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнесті қолдауға әрі дамыту үшін бүгін «Бизнес капитал» жобасының тұсауы кесіліп, үшжақты меморандумға қол қойылды.

Аймақтар • 04 Қараша, 2017

Шектен шыққан шенеунік шеге қағуға мәжбүр болды

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов бүгін кәстөм шалбарын қарапайым жұмысшы киімімен алмастырып, облыс орталығындағы республика алаңында үш сағат жұмыс істеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 04 Қараша, 2017

Алматыда корей мәдениетінің кеші өтті

Көне соқпалы аспаптардың әсерлі сазды үні мен ғажайып акробаттық қойылымдар. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде кәріс мәдениетінен сыр шертетін концерт өтті. Бұл туралы оқу орнының Медиа орталығы хабарлады. 

Яндекс.Метрика