Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Атамбаев: Назарбаев туралы қызбалықпен айтқаным дұрыс болмаған сияқты
Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында үздік студенттерге президент стипендиясын табыстау салтанатына қатысты.
Әлем • 18 Қазан, 2017
ББС Моңғолиядағы қазақ бүркітшілері туралы жазды
Батыс Моңғолияның тауларында жыл сайын күзде бүркітшілер, яғни қазақ бүркітшілері арасында фестиваль өтеді. Бүгінде әлемде мыңдаған құсбегі бар. Алайда, фестивальдағы аңшылық пен тұрмыстық мақсаттағы аңшылық арасында айырмашылық бар. Тек бір ерекшелігі, бұл жарысты өз көзімен көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылып жатады. Шетелдіктер үшін бұл фестиваль тегін емес. Осы фестиваль туралы ББС басылымы жазады.
Президент • 18 Қазан, 2017
Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Кадам Шах Шахим, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Канаданың Төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо, Финляндия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоски, Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаель, Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Эстония Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс сенім грамотасын тапсырды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2017
Өскемен мектептерінде жаңа пән оқытыла бастады
Алаш ардақтысы Шәкәрім атамыздың осыдан жүз жыл бұрын шамасындағы «Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман» деген сөзі сіз бен біз тіршілік кешіп жатқан бүгінгі заманымызға қарата айтылған секілді көрінеді де тұрады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Бірде қала шетінде тұратын ағайымдікіне бардым. Жеңгемнің құрбысы қонаққа келіп отыр екен. Қарапайым ғана киінген, қараторы келіншек. Өңі жүдеу. Бірге отырып, шай іштік.
Парламент • 18 Қазан, 2017
Сенат комитетінде «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Көмір тапшы ма, көлік тапшы ма?
Қарағанды көмірдің үстінде отырып, оған тапшы болады деп кім ойлайды? Екі аптадай елді дүрліктірген мәселенің мәнісі басқада сияқты. Тұрғындардың сөзіне сенсек, сатылып жатқан көмірдің көлемі жеткіліксіз. Қатты отынды тиеп әкетуші жүк көліктерінің жүргізушілері болса, бағаны өсіру үшін өндірушілер тауардың тапшылығын әдейі қолдан жасап отыр деген жорамал айтады.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Қазақстан газы Қытай нарығына экспорттала бастады
Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ Қытай Халық Республикасына отандық газды экспорттауды бастады. Қазақстандық көгілдір отынды «Бейнеу –Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырынан «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астана қаласындағы газ операторының Бірыңғай диспетчерлік орталығында ұйымдастырылды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Тед Этчисон: Біздің жетістіктеріміз – бірлік пен ынтымақтың нәтижесі
Ел аумағында экономикамыздың өркендеуіне, мемлекет қазынасының толуына, әлеуметтік ахуалдың артуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосып жүрген бірлескен компаниялар баршылық. Бұл – бейбітсүйгіш, дамуға қарқынды бет алған мемлекетіміздің жаһандық аренадағы салмақты, сарабдал саясатының жемісі. Мәселен, АҚШ сынды алпауыт елмен уағдаластық нәтижесінде құрылған «Теңізшевройл» ЖШС іргелі істердің басы-қасынан табылады. Компанияның бас директоры Тед Этчисонмен әңгіме барысында осы сөзімізге әбден көз жеткіздік.
Қазақстан • 18 Қазан, 2017
Оман Сұлтандығы Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдетпек
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбукте Оман Сұлтандығындағы ҚР Елшісі Ержан Мұқаштың Оман Сұлтандығының Қазақстан азаматтарына визалық режімді жеңілдету жөніндегі хабарламасымен бөлісті.