Аймақтар • 10 Қазан, 2017
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
12 жыл бұрын Алматыдағы академик Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының бастамасымен «Ерлер денсаулығы» бағдарламасы қолға алынды.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
«Халық – алтын!.. Алтынның сынығы да – алтын! Біз үшін қазақ халқы сом алтын. Жат елдер мен аймақтарда қандас-қазақтарымыз да сол сом алтынның сынықтары. Алтынға алтын қосылса кенге, қазаққа қазақ қосылса елге айналмай ма!?
Аймақтар • 10 Қазан, 2017
Жарма ауданында Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», деп жазған еді. Биыл міне сол ғұлама Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы елімізде, оның ішінде қаламгердің туған топырағы Шығыс Қазақстанда кең көлемде аталып өтіп жатыр.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Латын әліпбиі. Іргелі істе іркіліс болмасын
Қазағым «Көз қорқақ, қол батыр» деп мәтелдемейтін бе еді өзі?! Шыны да солай ғой. Латын әліпбиіне көшу мәселесі біраздан бері қозғалып келе жатқанымен айтылатын да қоятын. Енді, міне, шындап кірісу басталды. Қуантарлық, құптарлық жайт. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы мәселеге орай тегеурінді қозғау салынып, ұтырлы іске айқын жол нұсқалынды. Алуан-алуан ұсыныстар, әртүрлі көзқарастар айтылып жатыр. Солай болуы заңды да.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген түйінді ой бар. Қоғамның, адамның, сананың жаңғыруы қай салада болсын – саяси-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, гуманитарлық-техникалық аспектілерде іске асса да, ұлттық болмысымыздан алыстаған сәтте болашаққа, сайып келгенде, тарихқа дақ түсіреді деп санаймыз. Бір қуанатынымыз, қазақтың өткенінде де, бүгінінде де рухани келбетіміз бен тамырымызды ең басты құндылық санайтын және дәріптеуге қызмет ететін жандар жетерлік.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
Көлеңкелі бизнеске жол берілмейді
Мейлі ірі, мейлі шағын болсын, қандай кәсіппен айналыссаңыз да барлық іс-әрекеттеріңіз заң талаптарына сай болғаны абзал. Өйткені көлеңкелі бизнеске ешқандай жол жоқ. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Консультациялық кеңес отырысында осы жайлы кеңінен айтылды.
Қазақстан • 10 Қазан, 2017
«Бензин қымбаттапты. Бензин бағасы тағы қымбаттайды екен», деген жарапазан жарнамалардан жұртшылық мүлде жалықты.
Әлем • 10 Қазан, 2017
Атамбаевша айыптаудың астарында не бар?
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты сыңаржақ пікірі ақпарат кеңістігінде қызу талқылануда. Бір кездері еліміз бен Елбасымызды сөзі жеткенше мақтаған Қырғызстан басшысының былайша құбылуын сарапшылар, түрлі ақпарат құралдары сан-саққа жорып отыр.
Әлем • 10 Қазан, 2017
Шымбұлақ ТМД-дағы ең танымал курорттардың рейтингінде көш бастады
ТурСтат талдау агенттігі қыста тынығуға ыңғайлы ТМД-дағы ең танымал тау курорттарының рейтингін жариялады.